ДИКТОР: Шахматтан Сенат Кубогының 1/8 финалдық кезеңі Көкшетауда мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері арасында өтті. Турнирге 10 аудан мен екі қаланың өкілдері қатысты.
РКС: Шахматтан Сенат Кубогының 1/8 финалдық кезеңінде 50-ден аса мемлекеттік қызметкер мен компания қызметкерлері қатысты. Зияткерлік ойынға қатысып, бақ сынаған жандардың бірі Жақсы ауданына қарасты Қызылсай ауылдық округінің әкімі - Сайранбек Ахметов.
СНХ: САЙРАНБЕК АХМЕТОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен Жақсы ауданынан шахмат турниріне қатысу үшін арнайы келдім. Былтыр Open Senat байқауында да бақ сынаған едім. Екі турда да жеңіске жеткем. Ұйымдастырушыларға осындай тамаша турнир үшін алғыс айтқым келеді, онда біз жиналып, өз күшімізді сынай аламыз. Менің әкем, інім шахмат ойнайды. Яғни отбасымен жақсы көреміз.
РКС: Шахматтан Сенат Кубогы республика көлемінде өтуде. Турнир денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ардагерлер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылуда. Жақынарада жарыс құқық қорғау органдары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында өтеді. Барлық қатысушылар швейцариялық жүйе бойынша ойнайды. Бір күнде 9 тур өтеді деп күтілуде.
СНХ: СЕРІКБАЙ ТЕМІРБАЕВ, БАС ТӨРЕШІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРОССМЕЙСТЕР: Әр сайыстан 20 үздік шахматшы іріктеледі, олар мамыр айында Ақмола облысы бойынша Сенат Кубогының ¼ қатысады. Ол 140 адам, яғни 7 турнир. Оларға мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері қосылады. Мамыр айында осындай ауқымды жарыс өтеді.
РКС: Шахматтан жарыстар Қазақстанда үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және зияткерлік ойын әуесқойларының арасында кеңінен танымал. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.