ДИКТОР: Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум наурыздың 15-де өтеді. Осы орайда облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшелері алдағы саяси науқанның маңызын талқылады. Зиялы қауым ел болашағы үшін әр азаматтың референдумға белсене қатысуы маңызды екенін атап өтті.

РКС: Ақсақалдар қазіргі цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның одан әрі дамуы үшін жаңа Конституция қажет екенін айтады.

СНХ: ШИЯП АЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі заман, цифровизация, жасанды интеллект заманы, Қазақстанның әрі қарай даму үшін жаңа Конституция керек. Оның ішінде келісетін келіспейтін нәрселері бар. Бірақ референдумға қатынасуымыз керек. Көп талқыланып жатқан тіл мәселесінде – қазақ тілі мемлекеттік тіл. 30 жылдың ішіндегі бұрын қазақ халқы аз болды. Қазақша сөйлейтіндер одан да аз болды. Соған қарамастан қазақ тіліміз дамып келе жатыр. Осы уақытта орыс тілі қатар жүргені дұрыс, мен оны қолдаймын. Қазақстанда тұрғанда ешкім ренжімеген дұрыс.

РКС: Кездесуде екі палатаның орнына Құрылтай, Халық кеңесін құру мәселері, сондай-ақ халық бірлігінің маңызы талқыланды.

СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Ата-заңымыз әр азаматтың құқығын қорғап, тұрақтылықты мен келісімді қамтамасыз етеді. Бабаларымыз ел бірлігі – ең асыл қасиет деп ұрпаққа аманат қалдырған. Конституцияда халық бірлігінің, қоғамдық келісімнің басты құндылығының бірі ретінде айқындайды. Демек, заманауи құқықтық нормалар мен дәстүрлі халық даналығы өз-ара үндесіп жатыр. Конституция – қоғам мен мемлекет арасындағы сенім кепілі.

РКС: Кеңес мүшелері референдумға қатысып, өз таңдауын жасаудың маңызы зор екенін айтады. Олардың пікірінше, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге бейжай қарамау – әр азаматтың жауапкершілігі.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ