ДИКТОР: Жасөспірімдер арасында асық атудан Ақмола облысының чемпионаты ұйымдастырылды. Бәсекеге облыстың барлық аудандарынан, сондай-ақ Ақкөл, Степногорск пен Көкшетау қаласынан келген 120-ға жуық бала қатысты. Жарыс 2010-2012 және 2013-2015 жылдары туған қыздар мен ұлдар арасындағы жеке топтарда өтті. Жасөспірімдер асқан шеберлікпен қазақтың дәстүрлі ойынын көрсетіп, шапшаңдық пен дәлдік қабілеттерін сынға салды.
РКС: Асық ату – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны кез келген уақытта – күндіз де, түнде де ойнауға болады. Күндізгі ойын – мергендік пен дәлдікке, ал түнгі ойын – ептілік пен шеберлікке баулиды. Ойын тасы төрт түліктің, көбінесе қой немесе ешкі санының орта тұсында орналасқан асықты жіліктен алынады. Аймақта 8 мыңға жуық адам асық ойнайды.
СНХ: САМАТ ӘУКЕНОВ, АСЫҚ АТУДАН ОБЛЫСТЫҢ АҒА БАПКЕРІ: Асық ату қазір жақсы дамып кетті. Облыста болсын, республикада жақсы ойындар іріктеу жарыстар өтіп жатыр. Осы жарысымызда бірінші орын алған спортшылар ертең наурыздың 28-і Семей қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Соған іріктеу болып жатыр міне. 2026 жылы алдымызда Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді, қыркүйек айында. Соған да міне дайындық, жүйелі түрде жарыстар өтіп жатыр. Бізде әлі 5 чемпионат бар, сәуір айында Ақмола облысында өтеді балалар арасында, 2016-2018 жылдар туғанның арасында.
РКС: Қыздар бес асық ойыны арқылы шеберліктерін сынады. Жаттығулар бірлік, екілік, үштік, жалақ, алақан, алмастыру сияқты 12 түрге бөлінді. Ережеге сәйкес қатысушылар 150 ұпай жинауы қажет. Оған 15 минут уақыт беріледі. Сол мерзімде 150 ұпай жинаған қыз бала жеңіске жетеді. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Қыздар асықтың әр қозғалысын мұқият есептеп, жылдамдық пен дәлдікті үйлестіре білді.
СНХ: ҒАЗИЗА БАУЫРЖАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Мен қазір көптеген адамдармен ойнадым. Үшінші сыныптан қатысып, көптеген жарыстарға, облыстық, республиканский қатысып жүрмін. Сол жерлерден екінші, үшінші орындар алып келдім. Мен Степногорск және Астана қаласына барып келдім. Бес асық ол менің ең жақсы көретін хоббиім. Бос уақыт болғанда мен оны ойнаймын.
СНХ: РӘБИЯ АБАЙ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Ақмола облысының чемпионатына қатысып жатырмын. 2010-2011 аралығында. Сосын үлкен жарыстарға шығу үшін маған көмектескен Төлеген кғай болатын. Ол кісі мені үйретіп, көмектесіп, үлкен жарыстарға бардық. Таразға барып келдік. Облыстық ойыннан бірінші орын алып, республикаға бардық. Онда қыздар өте мықты болды. Бес асық ойыны өте жақсы дамыған ол жақта. Маған 5 асық өте қатты ұнайды. Маған бес асықта ұнайтыны жылдамдық, мықты болу керексің ойында бәрінде.
РКС: Жарыс ережесіне сәйкес, ұлдар 5 метр қашықтықтан асық атып, диаметрі 4 метр болатын шеңберге дәл түсіруге тырысады. Әр қатысушыға 15 асық беріліп, шектеулі уақыт ішінде 8 асықты шеңберден бірінші болып шығарған ойыншы жеңімпаз атанады.
СНХ: НҰРДӘУЛЕТ ҚҰРМАНҒАЗЫ, АҚКӨЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: 2014 жылғы, жасым 11-де. Ақкөл қаласынан келгенмін. Осы асық спортымен айналысамын. Жақсы жарыс болды жаңа. Ойын барысында бірінші таймда 3/4 шотымен ұттым. Екінші таймда 2/5 ұтылдым. Үшінші тайм 4/4, үш атыста 4/5. Қазақтың ойындары өте керемет, күшті.
РКС: Ұлттық спортқа өскелең ұрпақты баулитын бапкерлердің еңбегі ерен. Бүгінде шәкірттері облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып, ұлттық спорттың мерейін үстем етуде.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ