ДИКТОР: Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінде «Жасанды интеллект пен STEM-ғылымдар тоғысында» атты пәндік онкүндік басталды. Физика, математика және информатика пәндерін қамтыған бұл шара оқушылардың ғылыми-зерттеушілік әлеуетін арттырып, заманауи технологияларды оқу үдерісіне тиімді енгізуді көздейді.

РКС: Пәндік онкүндік барысында оқушылар жасанды интеллект, робототехника және STEM бағытындағы түрлі тәжірибелік жұмыстарға қатысып, өз білімдерін тәжірибе арқылы шыңдайды. Сабақтар мен шеберлік сағаттарында инновациялық әдістер кеңінен қолданылады,-дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: БАЙБОЛАТ ШАЙЗАДА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ІТ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Математика, информатика. Физика онкүндігі жылда болып тұрады. Онкүндік ақпанның 9 мен 20 күндері аралығында өтеді. Онкүндіктің аясында көптеген шаралар, сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ұстаздар өздерінің тәжірибесімен бөліседі. Биыл жалпы біз мектебімізде STEM және жасанды интеллектке көп басымдық береміз.

РКС: Шара аясында мектеп өміріне инновация әкелген «AI FARABI» жобасы таныстырылды. Қазақ тілінде еркін сөйлей алатын робот интерактивті түрде оқушылармен байланыс орнатып, оқу-тәрбие үдерісіне белсенді араласуда.

РКС: РАУХАТ ӘШКЕН, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ІТ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Бұл роботты жасауға 1 жарым айдай уақыт кетті. Роботтың қызметтеріне келетін болсақ, бұл робот мұғалімнің көмекшісі ретінде жасалынған. Ең алдымен оқушылардың кім бар,кім жоқ екенін тексереді, сабақ барысында оқушыларды бағалауға көмектеседі. Сонымен қатар оқушылардың сабақ үстіндегі тәрбиесін реттейді.

РКС: Мектеп-лицейде STEM бағытындағы білім беру бастауыш сыныптан бастап жоғарғы сыныптарға дейін жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жақында Астанада өткен «ROBOT DESIGN AWARD» республикалық байқауының финалында үздік жоба көрсетіп, Орталық Азияға жолдама алған «CTRLREX» командасы соның айқын дәлелі.

СНХ: «CTRLREX» КОМАНДАСЫ: Жасанды интеллектке байланысты көптеген модельдеу, STEM сабақтары өте терең оқытылып жатыр. Бізде IT бағытына үлкен қызығушылық туындап, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды алып жүрміз. Біздің оқушылар фибоначчи сайысында жақсы көрсеткіш көрсетіп Турцияға жолдама алды. Ал біздің команда Астанада робототехникадан жақсы көрсеткіш көрсетіп Орталық Азияға жолдама ұттық. Бұл жарысқа 84 команда қатысып, 18 квота берілді. Соның ішінде біз де жолдама алдық.

РКС: Пәндік онкүндік оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жасанды интеллект пен STEM-ғылымдардың болашақ мамандықтардағы маңызын терең түсінуге жол ашты.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ