ДИКТОР:Көкше топырағында дүниеге келіп, туған өлкесіне өлшеусіз еңбек сіңіріп, бірақ қарапайымдылығынан таймаған турашыл тұлғалардың қатарында биыл туғанына 90 жыл толып отырған жазушы Жанайдар Мусин де бар. Қаламгердің құрметіне өңірде тағылымдық шаралар көптеп өтіп жатыр. Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Жанайдар Мусин тағылымы» тақырыбымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел қаламы жүйрік қайраткерге жасалған құрметтің бір белгісі.

РКС: Көкшелік қаламгерлердің көшбасшысы, бүгінде жасы жетпісті алқымдаған ардагер журналистердің ұстазы әрі жол сілтеушісі, тіпті қолдарына өмірлік мамандығының құжатын алуға дейін септескен жанның шарапатын көргендер қатары да сиреп келеді. Дегенмен «Көкшетау правдасы» газетінің сыртында бас редактор Жанайдар Мусин деп жазылып тұратын есімді газетті жата-жастана оқыған аға ұрпақ ұмыта қойған жоқ. Кездесу барысында сөз алған кітапхана директоры Қуаныш Оспан жазушының әдеби мұрасына тоқталды. Басшылық қызметте жүріп қаламын қолынан тастамай, кітап жазумен қатар, отбасында қамқор әке, ағайынға қайырымды бауыр болғаны Жанайдар Баймырзаұлының бірінші кезекте тұратын кісілік қасиеті.

СНХ ЕРКІН БАЙМУРЗИН, НЕМЕРЕ ІНІСІ: Ол кісінің қасиеті жұмысқа берілгендігі, әрқашан беріліп жұмыс істейтін, редактордың жұмысы көп қой, соған қарамастан кітап жазып үлгеретін,қаншама мұра қалдырды. Бауыр дегенде ағайын дегенде жандарын беретін, қолдарынан келгенін істеп, оқыңдар дейтін, тәрбиелейтін.

СНХ: МҰХТАР ЖАНАЙДАРҰЛЫ, ҰЛЫ: Үлкен туған ағасы Шахма деген, ол айтатын маған өмір берді ғой, 80 жастан астым, 30 жасымды сенің әкеңе беретін едім дейтін. Бізді балаларын еркелетіп өсірді ғой, балам деп, мен институтта оқығанда күнде звондап, хат жазып маған, қалай болып жатыр балам деп, сондай адам болған, туыстарын өте жақсы көрген.

РКС: Бүгінгі дөңгелек үстел басындағы тұшымды әңгімені тыңдауға келген жастар қатары да жазушының шығармаларын оқып, түсініп, ой түйіп қалған. Шара барысында қаламгердің туындыларынан үзінді оқып, көпшілікті сүйсінтті.

СНХ ГҮЛНӘЗ НҰРТАШЕВА, Ж. МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Туған үйдің түтінін бірлік, шаңырақ, содай символдар деп танимын. Бір үзіндісінде Хош, Көкшем дейді, жалпы туған жер жайлы келесі ұрпаққа өсиетін айтып кеткен.

СНХ: АЯНА ТІЛЕСХАН, Ж. МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Жанайдар Мусин атақты, даңқты тұлғалардың брі, қазақ әдебиетіне асқан үлес қосқан қоғам қайраткері болып табылады. Оның шығармалары біздің рухымызды оятып,ұрпаққа тәрбие береді.

РКС:Жанайдар Мусиннің таңдап алған тақырыптары терең, толғамды. Бәрі дерлік туған жер, өскен орта, ұшқан ұя деген сияқты қасиетті ұғымдармен астасып жатыр. Оның ойының тереңдігі мен сұлулықты көре білуі – асқан сезімталдығы. Қаламгердің өміршең шығармалары жайлы кеңінен әңгіме өрбіп, шара соңында жазушының немере інісі Еркін Баймұрзин мен ұлы Мұхтар Жанайдарұлы кітапхана қорына «Ол жазды атын өлместей Көкшенің көркем тасына» атты естеліктер жинағын сыйға тартты.

ГӘККУАСЫЛБЕКҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ., КӨКШЕ АҚПАРАТ.