ДИКТОР: Көкшетауда «Ауыл» партиясының бастамасымен «Жаңартылған Конституция - тұрақты дамудың негізі» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Аталған шара партияның жаңа Конституцияның жобасын қолдау, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын өңірлік деңгейде кеңінен түсіндіруге бағытталған жүйелі жұмысының жалғасы ретінде ұйымдастырылды.

РКС: Жиын барысында қатысушылар жаңартылған Ата Заңдағы негізгі өзгерістерге, олардың елдің саяси жүйесіне әсері мен билік тармақтары арасындағы өкілеттіктердің теңгерімін жетілдіру мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, жергілікті органдардың құзыретін кеңейту және қоғамдық бақылау механизмдерін нығайту бағыттары да кеңінен талқыланды.

СНХ: ДЛЯ РУС РЕД: ФАРИД АБИТАЕВ ПРЕДСЕДАТЕЛЬ ВОСТОЧНО КАЗАХСТАНСКОГО ФИЛИАЛА ПАРТИИ «АУЫЛ»: Во-первых, основное изменение - это создание однопалатного парламента, который приведёт и выборы на основе партийного паритета. Я думаю, что это всё способствует демократизации нашего общества, и отсюда повышение благосостояния и улучшение образования. Кроме того, у нас конституционно закреплены сегодня такие программы, как «Таза Казахстан», «Адал Азамат», которые позволяют сегодня занимать нам достойную честную позицию и проживание в комфортном Казахстане нашим жителям.

СНХ: ҚУАНЫШ СЕЙІТЖАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл конституциялық өзгерістер еліміз үшін өте маңызды. Елдің болашағы үшін өте маңызды. Өзгерістер қаншама айдан бері талқыланып жатыр. Бұл біздің партиямыздың да негізге ұстанымдарының бірі, бұл конституциялық өзгерістер кеше басталған жоқ.

РКС: Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердің тиімді қырларын атап өтіп, олардың жергілікті деңгейде әлеуметтік-экономикалық дамуға, басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын қорғауға оң ықпал ететінін тілге тиек етті.

СНХ: ӘБІЛЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, ПРОФЕССОР, ҚР ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ: Конституцияның ұстамы кең түсінік береді. Енді жалпы мен осы конституцияны қолдаймын. Қазіргі енді сол мүмкін халық өзінің ұсынысын беретін шығар. Сонымен бәрін тексеріп, референдумды да сәтті қабылдайды деп есептеймін.

РКС: Семинар-кеңестің қорытындысында өңірлік деңгейде конституцияның жаңа жобасын жүйелі түрде іске асыруға арналған ұсыныстар әзірленіп, партияның құрылымдары арасындағы үйлесімді жұмыстың маңыздылығына баса назар аударылды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ