ДИКТОР: Былтыр Ақмола облысында 226 адамда қызылша дерті анықталды. Жыл басталғалы өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Десе де, бірқатар инфекциялық және паразиттік аурулар өршіп тұр. Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.

РКС: Жыл басынан бері өңірде қызылша дертінің 36 жағдайы тіркелді. Оның 24-і Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің курсанттарынан анықталды. Қазір оқу орны карантинде. Қазір курсанттардың жағдайы тұрақталды. Десе де, облыстық балалар ауруханасына тағы да 30 курсант жеткізілген. Сонымен қатар, менингит ауруы да өршіп тұр. Мәселені шешу үшін санитариялық қызмет пен медициналық ұйымдар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Онлайн кездесулер де ұйымдастырылып, өңір тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы да ақпараттандырылып жатыр.

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Қаңтар айында Шортанды ауданында төрт жағдай тіркелді. Ол зертханалық жолмен расталды. Бұл жағдай сырттан жұқтырылған. Елордада медициналық көмек алған бала үйіне келген соң өзге бүлдіршіндермен байланыста болған. Олардың бәрі екпе егетін жасқа жетпегендер. Сондықтан ауырып қалды. Вакцияна арқылы қызылшаның бетін қайтаруға болады. Жоспарлы вакцинация 1 және 6 жаста егіледі.

РКС: Қызылшамен ауырғандармен байланыста болған кез келген адам дертті жұқтыруы әбден мүмкін. Әсіресе, екпе егілмеген балалар. Сондықтан, қызылшамен күресудің ең тиімді жолы - екпе алу. Ал, қалалық емханаларда епше алушыларға ерекше жағдай жасалған. Ең алдымен медициналық тексерістен өтеді.

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Еліміздің мемлекеттік бас дәрігерінің қаулысына сәйкес, 6 айдан 11 айға дейінгі балаларға екпе егу қарастырылған. Неліктен мұндай шешім қабылданды? Жүргізілген әрбір зерттеудің нәтижесінде 1 жасқа толмаған балаларда көптеген ауру анықталып жатады. Олар бір жасқа толмай, түрлі ауруға шалдығып қалады.

РКС: Бұл ретте отбасында әр баланың денсаулығына мұқият болу керек. Сақтықта қорлық жоқ. Вакцинадан бас тартқанша, балаға екпе салдыртқан әлдеқайда дұрыс, - дейді сала мамандары.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ