ДИКТОР: Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік – заңды құрметтейтін, жауапкершілікті терең сезінетін саналы ұрпақтан басталады. Осы тұста Көкшетауда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.
РКС: Жиынға Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері, облыстық полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасының өкілдері, сондай-ақ серіктестік директорының орынбасары қатысты. Кездесу барысында жастарға заң талаптарын түсіндіру, құқықтық жауапкершілікті қалыптастыру және қоғамдағы тәртіптің маңызын ұғындыруға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.
СНХ: ӘЛІШЕР ЕРНАЗАРОВ, «AE GROUP CONSULTING» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Заң және тәртіп» қағидаты бүгінде жан-жақты пысықталып жатыр. Ол өте өзекті. Егер біз бұл мәселені бірлесе отырып жүйелі түрде қарастырып, ортақ күш жұмсасақ, жалпы қылмыс деңгейін де, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруды да төмендете аламыз деп есептеймін. Сонымен қатар дропперлік тақырыбының да ауқымын барынша азайтуға мүмкіндік бар. Сондықтан осындай шаралар неғұрлым көп өткізілсе, соғұрлым тиімді болмақ.
РКС: Кездесу барысында сала мамандары жастармен ашық әрі еркін форматта пікір алмасып, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Мұндай кездесулер жастардың заң мен тәртіпке деген саналы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді,-дейді ұйымдастырушылар.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ