ДИКТОР: Өңірде инвесторларды қолдау инфрақұрылымы кеңейтілуде. Астанада Aqmola Invest-тің Aqmola Industry-мен біріктірілген жаңартылған фронт кеңсесі ашылды. Орталықтың жұмысымен аймақ басшысы Марат Ахметжанов танысып, кейін өңірді дамытудың негізгі бағыттары бойынша кеңес өтті.

РКС: Жаңартылған Aqmola Invest фронт-кеңсесі Ақмола Industryмен біріктіріліп, жұмысын кеңейтілген форматта бастады. Ол инвесторларды одан әрі ілгерілететін бірыңғай орталық құруға мүмкіндік берді. Барлық жоба мен қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі.

СНХ: МЕЙІР АЛПЫСОВ, «AQMOLA INVEST» ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізде екі ұйымның бірігуі, Aqmola Invest пен Aqmola Industry синергиялық әсерге алып келеді. Бұл біздердің жинақтаған компетенцияларымыздың бірігуіне, соны бұдан да тиімді жүзеге асыруға көмектеседі. Біздің қазіргі жоспарымыз – республикалық индустриалды аумағымыз біздің кеңейіп жатыр, Шортанды ауданында, Қосшы қаласында, Целиноград ауданында жаңа жерлер бізге қосылды, берілді, солардың дамуымен айналысамыз.

РКС: Өндірістер іске қосылғаннан кейін олардың айналасында отандық бизнесті дамытуға мүмкіндік пайда болады. Қолдауды туристік сала өкілдері де табысты пайдаланды. Солардың бірі — елорда маңында экологиялық туризмді дамытып отырған GQ Resort серіктестігі.

СНХ: МАҒЖАН ҚЫСТАУБАЕВ, «GQ RESORT» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ: Aqmola Invest мекемесінің арқасында біз өзімізге қатысты сапалы кеңес алып отырмыз. Айтатын болсақ: әр жаққа жүгірмей, бір терезеден десек те болады, банктермен жұмыс, сонымен қатар туризм саласындағы мамандармен жұмыс, техникалық сұрақтарға байланысты мамандармен жұмыс осы бір жерден атқарылып жатыр.

РКС: Елорда мен Ақмола облысы үшін бірдей тиімді болатын жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі негізгі бағыттар — астықты терең өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру және құрылыс саласы.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жоба бойынша біз инвестиция тарту мәселесін қарап отырмыз, қазіргі таңда осы Aqmola Invest портфелінде 2 трлн 200 млрд инвестжобалар бар. Оның басы басталып кетті. Өздеріңіз білесіздер мына Жібек жолында, Аршалы индустриалды аумағында үлкен терең өңдейтін зауыт бойын көтеруін бастады, ол жерге тікелей келетін, шетелден келетін, инвестиция – 1 млрд. 800 млн. доллар, Шортанды ауданында тағы да үлкен бір құрылыс – ауыл шаруашылық өңімдерін терең өңдейтін зауыт жан-жақты, заманауи, ол жерге 1,5 млрд. доллар инвестиция. Жалпы соның бәрі бізге 5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын береді.

РКС: Фронт-кеңсенің жұмысымен танысқаннан кейін өңір басшысы елорда маңындағы аудан әкімдерімен және бейінді мамандармен кеңес өткізді. Мұнда инвестициялар, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ