ДИКТОР: Ақмола өңірінің біртуар азаматы Жанайдар Мусин көзі тірі болғанда биыл 90 жасқа толар еді. Көзін көрген зиялы қауым мен жас буын өкілдері Арқаның алыбын еске алды. Қаламынан шынар шығармалар туындаған қаламгердің өмірі мен өнеріне арналған «Өнегелі өмір-өрнекті сөз» атты әдеби-танымдық еске алу кеші өтті.
РКС: Жасынан оқу-білімге құштар болған Жанайдар Мусин Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түседі. Оқуды тәмамдаған соң, еңбек жолын сол кездегі «Көкшетау правдасы», қазіргі «Арқа ажары» облыстық газетінде әдеби қызметкер болып бастады. Кейін сол газеттің редакторы қызметіне тағайындалады. Ал, жазушының туған жеріне деген махаббаты бірқатар шығармаларының дүниеге келуіне арқау болған.
СНХ:АЯН ҚАЖЫБАЙ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Бұл кісінің өзінің туған жері атақты Қарашоқы бүгінгі Үлгілі ауылы, бірақ сол жері құнарсыз болғаннан кейін әкесі Баймырза мен шешесі Мәдинә балашағасымен бірге осы Қараөткел жаққа қоныс тебеді. Міне осы, Қараөткелдің табиғаты сулары, нулары сол бәрі өзінің болашақта жазылатын құдау-құдау, құлаш-құлаш роман, повесьтеріне арқау болады. Атақты «Ақ алаң» , «Туған үйдің түтіні», де тарихи хроникаға айналған мондатор романдарының бас кейіпкерлері осы Базаргүл, Бәтіш дейтін кейіпкерлер осы туған анасының протиптеріне айналып кетеді.
РКС: Жазушының қай шығармасы болмасын сезімге тұнық. Тілге жеңіл әрі оқырманның жүрегінен орын таба білген қанық шығармалар. Роман мен очерктердің авторы бүгінде жас буын оқырмандардың арасында да ерекше ілтипатқа ие.
СНХ:АЯУЛЫМ ӘСЕМБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен қазір «Жер шоқтығы Көкшетау» атты шығармасын оқып жатырмын. Өте керемет. Мен өзім Қызылорда қаласының тумасымын. Дегенмен де Көкшетауға деген махаббатымды қаттырақ ашып жатыр осы кітап маған. Әрі қарай басқа да шығармаларын оқимын деген үміттемін.
РКС: Жанайдар Мусин қазақ әдебиетіне өзіндік ерекше өшпес із қалдырған тұлға. Журналистика саласының жарық жұлдызы. Жазушының өнері мен өнегесі елеусіз қалған жоқ. Жанайдар Мусин КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ