ДИКТОР: Жарқайыңда Ардагерлер кеңесінің XII есептік-сайлау конференциясы өтті. Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің соңғы бес жылдағы атқарған жұмысы қорытындыланып, кеңестің жаңа құрамы сайланды. Тақырыпты әріптесім Сәния Есімсейітова жалғастырады.

РКС: Жиынға Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыман қатысты. Жарқайыңда 2 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Егде жастағы азаматтарды қолдау – жергілікті атқарушы биліктің басты басымдығының бірі. Жиыннан соң ардагерлер ашылуы биылға жоспарланып отырған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына арналған ғимараттың құрылыс барысымен танысты. Ауданда ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету, санаторлық-курорттық емделуге жолдама беру, тұрғын үйлерді жөндеу, сондай-ақ мерекелерге орай материалдық қолдау көрсету сынды шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 5 жыл ішінде елімізде аудандарымызда үлкен үлкен өзгерістер болып жатыр. оның ішінде бізге,ардагерлерге қатысты, заң саласындағы өзгерістер. Соның бірі 2021 жылы Белсенді ұзақ өмір деген бағдарлама енгізілді. Ол егде адамдардың өмірін жақсарту деген сөз. Үкіметтін қарттарға деген көзқарасы дұрыс. Қоғамдық көлікте зейнеткерлер тегін жүреді, қарттарға жәрдемақы бөлінді, белсенді ұзақ өмір орталығы ашылып жатыр.

РКС: Ауданда ардагерлердің мәдени және қоғамдық өміріне де айырықша көңіл бөлінген. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы арқылы жалғызбасты зейнеткерлерге жан-жақты, кешенді көмек көрсетіліп келеді. Атқарылған жұмыстарды қорытындылау барысында өткен дауыс беру нәтижесінде Ұлболсын Ахметова аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы болып сайланды.

СНХ: ҰЛБОЛСЫН АХМЕТОВА, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Ардагерлер қазір қоғамның үлкен бір қозғаушы күшіне айналып келеді.Ардагерлер бас қосып ел ертеңін, халық тіршілігін ұлт болашағын талқылауымыз ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мәселелер, келешек ұрпаққа үлгі өнеге көрсетуі қай жағынан алып қарасақта жарасымды. Осы бағдар бағытта біздің ардагерлер кеңесінің басты мақсаты осы.

РКС: Жиын соңында қонақтар аудандық тарихи-өлкетану музейін аралады. Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ