ДИКТОР: Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының өкілдері мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері «Kazrost Engineering» жеке компаниясының ұжымымен кездесті. Аталған шарада олар жаңа Конституция жобасының басты қағидаларын түсіндірді. Сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мәселелері де қозғалды.

РКС: Кәсіпорын ұжымымен кездесуге келген Ақмола Ассамблеясының өкілдері мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері азаматтық жауапкершілік, этносаралық татулық мәселелерін жан-жақты талқылады.

СНХ: АЙБЕК НҰРМАҒАМБЕТ, «KAZROST ENGINEERING LTD» СЕРІКТЕСТІГІ ЕҢБЕК АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Kazrost Engineering» компаниясының өз Еңбек ассамблеясы бар. Бүгін «Заң менен басталады» атты іс-шара өтіп жатыр. Ол ең алдымен адамдардың бір-біріне деген төзімді қарым-қатынасына, этносаралық келісімге негізделген. Биыл Ассамблеямен бірлесіп 6 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

РКС: Алдағы уақытта өткізілетін шаралардың басым бөлігі жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және еңбек ұжымдары арасында «Заң және тәртіп» қағидатын түсіндіруге бағытталмақ.

СНХ: ГЕРИХАН ЯНДИЕВ, «ВАЙНАХ» ШЕШЕН-ИНГУШ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінде қоғамда Конституцияның жаңа жобасы ауқымды талқыланып жатыр. Ол - заман талабы. Азаматтық тұрақтылық, қоғамның тұрақтылығы мемлекет тұрақтылығының, қауіпсіздігінің кепілі. Басты міндетіміз - еліміздің тәуелсіздігін сақтау, алға жылжып, заман талабына ілесу.

РКС: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын түсіндіру жұмыстары кәсіпорындармен қатар білім беру ұйымдарында да қызу талқыланып жатыр.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ