ДИКТОР: Түркі мәдениетінде қазақ поэзиясының шоқтығы биік. Ғасырлар үнінің жаңғырығына айналған қазақ руханиятының шұғылалы шыңы Абай Құнанбаев пен Шығыстың хәм шырағы Әлішер Науаи өнер өркениетінің өзегі. Тамырын тереңге жайған руханияттың шыңына айналған қос дараның даналығы бүгінде жас буын өкілдеріне асыл мұра. Ұлы тұлғалардың әдеби мұрасын насихаттау мақсатында «Абай мен Науаи: түркі руханиятының қос шыңы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев пен Өзбекстан Республикасынан да қадірлі меймандар қатысты.
РКС:Абай Құнанбайұлы Шығыстың шайыры Әлішер Науаиды ұстаз ретінде таныды. Екі ғұламаның арасында ғасыр кеңістігі жатса да, бұл көркем әдебиетке сызат түсірген емес. Мәселен, Абай ақынның шығармашылығындағы «Қор болды жаным», «Көзім¬нің қарасы», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл», сияқты өлеңдерінде Әлішер Науаидың ғашық¬тық, адамгершілік, махаббат тақырыбында жазған туындыларымен үндесіп тұрғанын аңғаруға болады. Келген қонақтарға Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясында арнайы кітап көрмесі ұсынылды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЛИЗОД САЙДАХМЕДОВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ: Бүтін биік бабамыз Абай Құнанбайұлы мен Әлішер Науаидің тарихта қалдырған құнды жазбаларын, тарихтағы орны мен руханиятын және мәдени мұрасын жақсыларымызға дөңгелек үстел барысында тарқатып, жеткіздік. Керемет отырыс өтті. Бүгін шарада зиялы қауым өкілдері, ақсақалдарымыз жиналып көтеріңкі көңіл күймен өтті.
РКС: Кезінде Мұхтар Әуезов: «Түркі тілдес халықтардың көп¬шілігінің әдебиеті мен мәдениетін өсіруде Науаи мол әсер еткен», – деген еді. Әлішер Науаи өз дәуірінде ескі өзбек тілінде тұңғыш рет көркем шығарма жазуды бастап, оны ілгері дамытқан жаңашыл ақын. Өзбек жазба әдебиетінің негізін қалаушы, өзбек поэзиясының ірі тұлғасы.
СНХ: ИНДИРА НҰРАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Олардың шығармашылығы мен рухани мәдениетте өшпес із қалдырған туындылары халықтың жүрегінде мәңгі сақталып қалары сөзсіз. Бұл ұлтаралық мәдениеттің құнды тарихы.
РКС: Өзбек әдебиетінің классигі Әлішер Науаиды Шоқан Уәлиханов алғашқы зерттеген ғалымдардың бірі. Ол 1857 жылы Қашқария жайлы жазған очеркінде: «Қара түнекті халықтың жалғыз сәулесі – Әлішер Науаидың шы¬ғар¬малары болды»,-деген. Өзбек халқының ақыны тамырлас қазақ елінде де атағы кеңге жайылған кемеңгер ақын. Екі ұлттың ұлылары бүгінде түркі руханиятының алыптары. Шара соңында этномәдени орталықтардың бір топ белсенді өкіліне алғыс хат табысталды.
ИНТЕРШУМ:
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ