ДИКТОР: Саяси партиялардың Ақмола облысы бойынша филиалдарының төрағалары жаңа Конституцияның жобасын талқылады. Саяси ұйым өкілдері құжаттың ел дамуы мен қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Жаңа Ата заң жобасының адам құқығын қорғауға, әділдік қағидаттарын нығайтуға және басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған.
РКС: Жаңа Конституция - мемлекет пен азаматтар арасындағы жаңартылған қоғамдық келісім. "Ауыл" партиясы түбегейлі өзгерген басты құжатты осылай бағалады. Партия төрайымы Анар Аяпбергенованың айтуынша, Ата заңда адам құқығын қорғауға, білім мен ғылымға, сондай-ақ отбасы институттын күшейтуге баса мән берілген.
СНХ: АНАР АЯПБЕРГЕНОВА, "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бұл өзгерістерді тарихи ретінде қарастыруға болады. Неге десеңіздер. 30 жылдың ішінде ең үлкен өзгерістер жасалып жатыр. Нақты қарағанда біріншіден білім және адам ресурсына көп мәселелер бөлініп жатыр. Барлық жағынан материалдық жағдай жасасақ та, білім мен тәрбие болмаса ешқандай жақсылық келмейді деп айтуға болады. Алдағы уақытта халыққа шығып, ауылдарға барып түсіндірме жұмыстарын өткіземіз.
РКС: Конституцияның жаңа жобасын "Ақ жол" демократиялық партиясы да кеңінен талқылап, маңызды құжатты ел ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Саяси партия өкілдері Ата Заң жобасын бірауыздан қолдап, оның құқықтық мемлекетті нығайту және Қазақстанның одан әрі дамуы жолындағы маңызына тоқталды.
СНХ: САЯТ СЫЗДЫҚОВ, "АҚ ЖОЛ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі таңда елімізде маңызды сәт туып жатыр. Жаңа Конституция енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Қазір енді өздеріңіз білесіздер ұсыныстар әлі де қабылданып жатыр. Бүгінгі таңда 4 мыңнан астам ұсыныс түсті. Ұсынылып отырған Конституция бұл формальды өзгерістер емес. Елдің саяси мәдениетін, билік пен қоғам арасындағы қатынасты жаңа деңгейге шығаратын терең реформа деп ойлаймыз.
РКС: Жаңа Конституция жобасында адам өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. Бұл өзгерістер халықтың билікке деген сенімін арттыруға бағытталып отыр. Алдағы уақытта партия өкілдері Конституцияның жаңа жобасын халық арасында насихаттауға атсалыспақ.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ