ДИКТОР: Биыл қазақтың қайсар ғалымы Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығы. Адалдық пен әділдікті ту еткен тұлғаның өмірі мен еңбек жолы бұралаң. Әр қадамы күреспен, әр белесі төзіммен өлшенген тағдыр шежіресі. Абай Құнанбайұлын ұлықтап, Шәкәрім Құдайберді мен Мұхтар Әуезовты ұстаз еткен шәкірттің қазақ әдебиеті мен ғылымының дамуына сіңірген еңбегі орасан. Қазақтың жарық жұлдызы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында конференция өтті.
РКС: Қайым Мұхамедханов кезінде өз елі мен жерін сүйетін, білім мен еңбекті өмірлік серік еткен ғылымға құмар, көреген жан болған. Конференция жастардың бойында дәл осы қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында ғалымның өмірі мен зерттеулері жайында сөз қозғалып, баяндамалар оқылды. Кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиеті ғылымындағы шоқтығы биік еңбектерінің бірі «Абайдың ақын шәкірттері».
СНХ: РАМАЗАН БАУЫРЖАН, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Қайым Мұхамедханов-әдебиеттанушы, зерттеуші, ғалым. Әсіресе, Абайдың философиясын, Абайдың мәтінін, Абайдың тереңдігін, Абайдың тұнықтығын зерттеген ғалымдардың бірі. Онымен өоса Шәкәрімді зерттеген. Жалпы қазақ әдебиетін ғана емес, әлем әдебиеті Ф.Достоевскиден бастап, А.Пушкиннен бастап әдебиет төңірегіндегі майталман дүниелердің барлығын зерттеген ғалымдардың бірі.
РКС:Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің текстоло¬гиялық зерттеулерінде де Қайым Мұхамедханов өзінің білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ол Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сегіз аяқ», сияқты көптеген өлеңдерінің текстологиясы және шыққан тарихын да нақтылап, тың тұжырымдар арқылы дәлелдеді. Сондай-ақ, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығарма¬ларының да текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық тұстарын ескере отыра бірнеше мақала жазды.
СНХ: ОРАЛБЕК НҰРЫШ, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Біздің кітапхана қорында Қайым Мұхамедхановтың «Абай мұралары» және көп томдық кітаптары бар. Оның бөлімдері әртүрлі және оның том-том кітаптары шыққанымен, оның жылдары әртүрлі және еңбектердің мазмұны да әр басқа. Кітапханада 40-қа жуық кітап бар.
СНХ: АРУЖАН БОЛАТХАНОВА, СТУДЕНТ: Мен өте көп ақпарат алдым. Болашақта ол маған өте қатты көмектеседі. Мен өзіме көп тәжірибе алдым.
РКС: Қазақтың қайсар ғалымы Халық¬аралық Абай академиясының «Алтын медалі», Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Оның ғылыми зерттеулері бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ