ДИКТОР: Бүгін Ақмола облысы бойынша тағы үш ауданның тұрғындары қоныс тойын тойлады. Әлеуметтік осал топ санатына жататын 30-дан астам тұрғынға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қуанышты сәтке тілшіміз де куә болып қайтты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жаңа қоныс иелерінің қатарында Асет Озиева да бар. Ол жұбайымен бірге үш бала тәрбиелеп отыр. Былтыр ғана тұрғын үй кезегіне тұрған отбасы бүгін екі бөлмелі пәтердің кілтін алып, ерекше қуанышқа бөленді.

СНХ: АСЕТ ОЗИЕВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: ЭБұл біздің алғашқы жеке баспанамыз. Қуаныштан жүрегім жарылғалы тұр. Дәл осындай қамқорлық танытып отырған аймақ басшысына, Зеренді ауданының әкіміне алғысымды білдіремін. Басымды иемін. «Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасы» санаты бойынша біз кезегімізді бір жыл күттік.

РКС: Юлия Власова – 2 баласы бар жас ана. Ол осыдан екі жыл бұрын ғана баспана кезегіне тұрыпты. Енді міне, арманы орындалып отыр.

СНХ: ЮЛИЯ ВЛАСОВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Алдағы бес жылда баспаналы болам деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді. Кезекте тұрғаныма екі жыл ғана болған, міне бүгін пәтер кілтін алдым.

РКС: Баспаналы болғандардың арасында Сандықтау ауданының тоғыз тұрғыны бар. Солардың бірі – көпбалалы ана Әлия Ысқақова. Алты бала тәрбиелеп отыр, ауыл шаруашылығы кәсіпорнында еңбек етеді. «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері.

СНХ: ӘЛИЯ ЫСҚАҚОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін мен үшін өте қуанышты күн, жаңа баспанаға ие болдым. Енді балаларымның өзінің жеке бөлмесі болады. Өте жайлы пәтер.

РКС: Аймақта соңғы бірнеше жыл бизнеспен ынтымақтастықтың тиімді әдісі қолданылып келеді. Жекеменшік құрылыс компанияларынан әлеуметтік осал топ санатына жататын тұрғындар үшін дайын жаңа пәтерлер сатып алынуда. Осылайша былтыр 750 баспана үлестірілді.

СНХ: ДОСҰЛАН АЙТБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Баспана, Бакытты отбасы деген жалпы баспана мен тұрғындарды қамтамасыз ету мемлекет басшысының ұстанған әлеуметтік саладағы саясатының басым бағыттарының бірі десек болады, себебі осы тұрғын үймен қамтамасыз ету өңіріміз бойынша жалпы жаппай жүйелі түрде жүргізіліватқан жұмыстар. Соңғы екі жылдың көлемінде соның нәтижесі болар, соңғы екі жылдың көлемінде облысымыз бойынша 5 мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтамасыз етілді, олардың басым көпшілігі. Осы әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж жандарға әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін жандарға арналған баспаналар, олар жаңағы әртүрлі құрылыс компаниялардың жаппай жүргізіліватырғандықтан.

РКС: Дәл бүгін Бурабай ауданында да пәтерлердің кілті табысталды. 11 тұрғын жаңа баспанаға қол жеткізді. Жыл соңына дейін тағы да мыңға тарта ақмолалық қоныс тойын тойлайды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ