ДИКТОР: Көкшетауда «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түрлі форматта профилактикалық түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда. Соның бірі - Мәлік Ғабдуллин атындағы көпсалалы №3 мектеп-гимназиясында өткен «Жол қозғалысы ережесін көбейту кестесіндей есіңде сақта» атты көңілді үзіліс. Танымдық кездесу барысында оқушылар қандай маңызды мәліметтерге қанықты? Шараға қатысып келген тілші баяндасын.

РКС: Өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» атты бірыңғай кешенді бағдарлама жүзеге асырылуда. Мектептер бағдарлама аясында құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік мекемелермен және өзге де мүдделі ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Өзара ынтымақтастық өскелең ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

СНХ: АЙНАШ КЕНЖИНА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі келген полиция қызметкерлері өте пайдалы ақпарат беріп жатыр. Ол балаларға өте тиімді. Тек қана бізден ғана естіп қоймай, сынып жетекшілерден ғана естіп қоймай, мүдделі ұйымдардан келіп осылай ақпарат бергендері өте пайдалы. Бүгінгі іс-шарамызда бастауыш сыныптар қамтылды.

РКС: Кездесу барысында бастауыш сыныптың 160-қа тарта оқушысы пайдалы ақпарат алды. Танымдық ойындар мен еркін сұхбат балалардың қызығушылығын арттыра түсті. Сондай-ақ, арнайы бейнероликтер көрсетіліп, жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік талаптары түсінікті әрі қызықты форматта жеткізілді.

СНХ: ДИЛАРА МЕЙІРЛАН, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Бүгін бізге мектепте полиция келді, олар бізге жол ережесін түсіндірді. Қандай түсте өту керек, қандай түсте өтпеу керек екендігін айтты. Жасыл түс жанғанда біз өтеміз, ал қызыл түс жанғанда біз тоқтаймыз. Қызыл түс тұрғанда біз 1 метр арақашықтықтан артық тұру керекпіз. Ведосипедпен жүрсек біз велосипедтен түсіп, сосын ғана жолдан өтеміз. Машина өтейін деп жатқанда біз машинаны тоқтату керекпіз. Өйткені, машина бізді соғып кетіп ауыр жарақат алуымыз мүмкін. Маған бүгінгі шара ұнады.

РКС: Қаладағы мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында «Қауіпсіз маршрут», «Жол жүру ережелерін сақтау және автокөлікті пайдалану», «Жаяу жүргінші» тақырыбын қамтыған шаралар өткізілуде. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасады.

СНХ: СЕРІК ЕРҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Ең басты тақырып ол жол жүру ережелерінің қағидаларын сақтау. Ең бастысы балалардың денсаулығы мен өмірін сақтау және де қандай жол жүру ережелерінің қағидаларын айту. Содан кейін бізде кәмелетке толмаған учаскелік полицей спикеріміз бар. Олар да қатысатын болады. Әр апта сайын қатысады, және де қандай да кемшіліктер бар және жол жүру ережелерінің қағидаларын сақтау керек.

РКС: Айта кетейік, жыл басталғалы облыс бойынша жаяу жүргіншілер тарапынан 2 мыңнан астам құқық бұзушылық дерегі тіркелген.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ