ДИКТОР: Өңірде жұмысшы мамандарды даярлау сапалы жаңа деңгейге көтерілуде. Облыстың кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының бесеуінде шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. Мұнда студенттер тек өндірістік тәжірибеден өтіп қана қоймай, нақты тапсырыстарды орындайды. Көкшетау жоғары техникалық колледжі өткен жылдың өзінде 120 миллион теңге табыс тапты. Жиһаз өндірісі мен тігін цехындағы жұмыс қалай ұйымдастырылған? Тілші баяндасын.

ШУМ:

РКС: Колледжде әр курстың студенттері ламинатталған тақтадан заманауи жиһаз бұйымдарын дайындайды. Өндірістік оқыту шеберханасында материалдар дәл өлшеммен кесіліп, пішінделеді. Ал келесі цехта бөлшектер қапталып, біріктіріліп, дайын өнім ретінде жинақталады.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ВОДНИЦКИЙ, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Біз бірінші цехта тұрмыз. Мұнда сандық бағдарламалық басқаруы бар фрезерлік станок пен жиек қаптау станогы орнатылған. Студенттер станокты баптап, жұмысқа дайындап жатыр. Сондай-ақ, лазерлік гравировка машинасы жұмыс істеуде. Қазір бұйымға жиек жапсырылуда. Кейін бөлшектер құрастыру станогына жіберіліп, сол жерде толық конструкциясына жинақталады. Біз мұнда корпус жиһаздарының барлығын студенттермен бірге дайындаймыз. Жиһаздар тапсырыс бойынша да, колледждің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де жасалады.

РКС: Шағын кәсіпорын көбінесе колледждің өз қажеттіліктеріне қажетті жиһаз шығарады. Мысалы, жақында олар жатақхананың жаңа корпусын толық жабдықтады. Сонымен қатар, сырттан да тапсырыстар қабылдап үлгереді. Білім алушылардың практикалық сабақтары бірінші курстан басталады.

СНХ: НИКИТА ЛИТВИНЧУК, СТУДЕНТ: Бастапқыда парталар құрастырып, жиектерін жапсырумен айналыстық. Мұнда біз шкафтың бөлшектерін өңдеп, кейін оларды жинауға дайындаймыз. Бастапқыда бізге көрсетіп берді, кейін өзіміз жасадық.

РКС: Практика кезінде студенттер материалдарды үнемдеп пайдалануды, уақыттарын тиімді жоспарлауды, сондай-ақ қателіктерге жол бермеуді үйренеді. Мұның бәрі оларға қойылып отырған нақты міндет. Болашақта маман ретінде еңбек еткенде осы дағдылар мен әрекеттер оларға міндетті түрде қажет болады. Тігін өндірісі және киімді үлгілеу құзыреттілігі орталығы оқу орнын толық қамтамасыз етіп отыр. Студенттер шебердің тікелей бағыттауымен төсек жабдықтары, перделер, арнайы киімдер мен басқа да костюмдерді тігеді.

СНХ: ОЛЬГА КОРЧЕВНАЯ, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Біздің орталық киім тігіп шығаруға арналған қажетті жабдықтың бәрімен жарақтандырылған. Бізде қайралатын машиналар, арнайы құрал-жабдықтар, 5 жиектеу, ілмектеу машинасы, бу генераторлары бар. Студенттер бірден кәсіби құрылғыларды меңгеруді үйренеді. Өте қуатты қондырғылар. Біздің колледж үшін әлеуметтік серіктестер өте маңызды. Өйткені біз олардың көмегімен жұмыс бағдарламасын әзірлейміз. Алып-қосуға қатысты мәселелерді бірге талқылаймыз. Студенттеріміз практика өтеді. Бұл тұрғыда ешқандай мәселе жоқ, бізге жұмыс орындарын ұдайы ұсынып тұрады.

РКС: Колледждер қызметтер мен тауарларды сатудан түскен кірісті өз керегіне жаратады. Оның бір бөлігі студенттер мен шеберлердің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Қалған қаражат колледждің қажеттіліктеріне бағытталады. Жабдықтар жаңартылады, материалдық-техникалық база дамытылып, заманауи технологиялар енгізіледі. Тұтастай алғанда жұмысшы мамандарды даярлаудың сапасын арттырады. Колледжде 2 мыңнан астам студент білім алады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.