ДИКТОР: Ел тағдырында тарихи сәт. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия жаңа Ата Заңның жобасын жариялады. Қаңтардың 21-де құрылған комиссияның күні бүгінге дейін 6 отырысы өтті. Онда 77 бапқа түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Конституциялық комиссия құрамында 130 адам бар. Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов комиссия құрамының мүшесі. Ол өңір депутаттарымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп жаңа Конституцияның жобасымен таныстырды.
РКС: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саяси тұжырымдамасы негізінде жаңа Заң жобасын қабылдау ашық әрі қолжетімді форматта өтуде. Қоғамдық талқылау E-Өтініш ақпараттық жүйесі және eGov платформалары, сондай-ақ, телеграмм желісі арқылы жүргізіледі және ұсыныстар қабылданады. Қазір 1600-ден астам ұсыныс қайта қаралуда.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН: АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Тіл мәселесі. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Өз деңгейіне көтерілмей отыр. Ендігі қазіргі Конституцияда байқаса екен деген мәселе. Екінші мәселе мына жер мәселесі. Жер сатылады деген бапты, халықтың айтуынша енді бұл бап болмау керек. Жер сатылмауы керек.
РКС: Ұсыныстар бүтін жүйе ретінде қаралуда. Әр ұсыныс ескеріліп, комиссия құрамының басты назарында. Бүгінде жаңа Заңға енгізілген бірқатар өзгерістің бірі - барлық бөлімі кіріспеден басталады. Және онда Конституциялық құрылыс негіздері, сот төрелігі, мемлекеттік басқару мен адвокаттық қатысу тетіктері қамтылған. Бұл жоба Ата Заңның сапасын арттыруға бағытталған.
СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ұсынылып отырған жобада кіріспе, 11 бөлім және 95 бап бар. 2 жаңа бөлім енгізілді. Ол Қазақстан халық кеңесі және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлімі. 4 бөлімнің атауын өзгерту ұсынылды. Жалпы ережелер бөлімі. Конституциялық құрылыс негіздері. Адам және азамат бөлімі. Негізгі құқықтар: бостандықтар мен міндеттер бөлімі. Парламент бөлімі Құрылтай бөлімі болып, соттар және сот төрелігі прокуратура адам құқықтары жөніндегі уәкіл бөлімі, сот төрелігі прокуратура құқық қорғау тетіктері бөлімі болып ұсынылды.
РКС: Нормативті құқық актілеріне де бірқатар өзгеріс енгізілді. Егер нормативті құқық актілері мәтінінің жартысынан астамына өзгерту енгізілсе, онда толық жаңа нұсқасы қабылданады. Конституциялық реформа-құқықтық нақтылықты күшейтетін берік қадам.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ