ДИКТОР: Мәлік Ғабдуллин - Кеңес Одағының батыры, филология ғылымдарының докторы, жазушы, академик, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, жерлесіміз Мәлік Ғабдуллин алқашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанып, Иван Панфилов атындағы 8-гравдиялық дивизияда шайқасты. Жанқиярлық ерлігі үшін оған 1943 жылы қаңтардың 30-да Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Жыл сайын дәл осы күні Мәлік Ғабдуллин атындағы "Жас ұлан" әскери-патриоттық клубы жаңа мүшелермен толығады. Бүгін Красный Яр ауылындағы №3 мектеп-гимназиясының 10-нан астам оқушысы ант берді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бүгін Красный Яр №3 мектеп-гимназиясының 10-шы сынып оқушылары үшін маңызды күн. Себебі, олар ант беріп, қолдарына клуб мүшелерінің билетін алды. Аса жауапты сәтке олар арнайы дайындықтан өткен. Осы уақыт ішінде бойларына патриоттық рухты сіңіргендерін де жасырмады.

СНХ: ӘДИНА ТӨЛЕГЕН, "ЖАС ҰЛАН" ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ САРБАЗЫ: Апта сайын біз "Жас сарбаз" үйірмесіне келіп, қаруды бөлшектеумен, жинақтау және саптық дайындықты үйренеміз. Біз үшін ең бастысы ол тәртіп, жауапкершілік және де елге деген сүйіспеншілік.

РКС: Жалпы, Көкшетаудағы батыр Мәлік Ғабдуллин атындағы музейі жыл сайын жас өрендерді Отаншылдыққа тәрбиелеп, бойларына намыс, жігерді оятуға зор үлес қосып келеді.

СНХ: МҰХАММЕД ҚОҢҚАЕВ, М.ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ант қабылданғаннан бастап сарбаздар жыл бойы осы Мәлік Ғабдуллинге қатысты іс-шараларына қатысады. 1943 жылы соғыстың қызған уақытында Мәлік Ғабдуллинге осы Кеңес одағының батыры атағы берілген болатын. Алтын жұлдыз таққан уақытта "Ленин" ордені бірге берілген болатын. Мәлік Ғабдуллин қазақтан шыққан тұңғыш Кеңес одағының батыры. Бүгін ант қабылдаған сарбаздарға ақ жол тілейміз!

РКС: Красный Ярдағы №3 мектеп-гимназиясында жасұландықтардың қатары жыл сайын 10 сарбазға көбейіп келеді. Олар әскери-патриоттық клубтардың арасында өтетін түрлі жарыстарға қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүр.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ