ДИКТОР: Көкшетауда жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне арналған телекөпір өтті. Ерекше форматтағы шара Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды. Телекөпірге студенттер мен бейінді қызметтің өкілдері қатысты. Тілші баяндасын.

Вопросы профилактики правонарушений и повышения правовой грамотности стали главной темой телемоста, который организовали Кокшетауский университет имени Шокана Уалиханова и Департамент уголовно-исполнительной системы региона. К диалогу подключились студенты и специалисты профильных служб. Подробности — в материале Карины Сулеймановой.

РКС: «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында сотталғандар мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері арасында телекөпір ұйымдастырылды. Шараның мақсаты –жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру. Телекөпір барысында сотталғандар қылмыс жасауға итермелеген оқиғалар мен оның салдары туралы баяндады.

ИНТЕРШУМ :

СНХ: КСЕНИЯ ШАРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Студенттерге түрлі дәрістер арқылы теорияның принципін айтқаннан гөрі істеген ісіне өкінетінін сол азаматтың өз аузынан естіген әлдеқайда әсерлі болады. Мұндай шара қылмыс жасаудың салдары неге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ұғындыруға бағытталған. Екіншіден профилактика аясында қылмыс жасаудың алдын алу.

РКС: Телекөпірге қатысушылар мұндай формат құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді құралы екенін атап өтті. Бұл шара ең алдымен жастарға құқық бұзушылықтың нақты салдарын сезінуге көмектеседі, екіншіден заңдылықты сақтаудың іргелі орнықтылығын қалыптастырады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЭЛЕОНОРА ДАЛАБАЕВА, СТУДЕНТ: Қазіргі таңда жастар арасындағы заңсыздықтар бұл қоғам үшін өте өзекті мәселе болып табылады. Себебі жастар еліміздің болашағының бір бөлігі болып табылады. Сол үшін жастар арасындағы қылмыс бұл қазіргі таңда ең өзекті мәселе. Және «Заң мен тәртіп» нарратив аясында болып жатыр.

РКС: Мұндай шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайтуда маңызды қадамға айналады. Сонымен бірге білім беру ұйымдары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға ықпал етпек. Басты мақсат – нақты өмірлік мысалдарды және заңға қайшы мінез-құлықтың салдарын көрнекі түрде көрсету арқылы жастар арасында ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ