ДИКТОР: Әлеуметтік мәселелер, адамдардың өмірі және мемлекеттің қолдауы мен оның орасан ролі. Елімізде жаңа кітап жарыққа шығуға дайын. Онда автор қоғамды алаңдататын өзекті мәселелерді қозғайды. Бұл әлеуметтік тақырыптарды үнемі зерттейтін жазушы Жан Ақжановтың оныншы еңбегі.
РКС: Автор ұзақ жыл өз шығармашылығында әлеуметтік мәселелерді көтеріп келеді. Оның туындылары қарапайым халықтың жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және өмірлік жағдаяаттарға тап болған азаматтардың шынайы өмірін бейнелейді. Бүгінгі күнге дейін жазушы 10-ға жуық кітап жазған. Оның шығармашылықтары өмірден алынған оқиғалармен қамтылды. Қазір автор өзінің "Жібек" деген оныншы кітабын жазып жатыр. Жаңа туынды Қазақстан Республикасының Еңбек Министріне арналып отыр. Онда бірқатар әлеуметтік мәселе қозғалды.
СНХ: ЖАН АҚЖАНОВ, ЖАЗУШЫ: Мен өзіміздің қоғамымызға, өзіміздің халқымызға кітаптар жазып жатырмын. Қазір тоғыз кітап. Қазір жазып жатқаным оныншы кітап. Оныншы кітап біздің Қазақстан Еңбек Министрлігі туралы болады. Кітаптың аты "Жібек" болады.
РКС: "Жібек" кітабында мемлекеттің әлеуметтік саясаты және оның азаматтарға көрсететін қолдауы жайлы жазылған. Онда жұмыспен қамту, кезек тізімдері, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, балаларға арналған әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік бағдарламалар сияқты тақырыптар қарастырылады. Автордың басты мақсаты - Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетіп, кей адамдардың тағдыры арқылы мәселелерді шешу жолын көрсету.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ