ДИКТОР: Көкшетау қаласында мектепке дейінгі білім беретін 40 ұйым бар. Соның бірі - "Зерек" балабақшасы. Мұнда 2 мыңға жуық балғын оқу мен жазуды үйренуде. Ал, әр баланың жүрегіне жол табу, бүлдіршіндердің бойындағы дарынын ашу бірінші кезекте тәрбиешінің міндеті. Осы ретте Фарида Құрманғалиева балаларға тәлім-тәрбие беріп қана қоймай, оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсетуде.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Фарида Қалқаманқызы балғындардың жүрегіне жол тауып, олардың өсіп, жан-жағын танып білуіне зор үлес қосып жүрген жан. Ол топтағы әр баланың қызығушылығын зерттеп, соған қарай сөздік қорын молайтып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.
СНХ: ФАРИДА ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, «ЗЕРЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ: Кейбір балалар қозғалғыш, кейбір балалар өте сабырлы. Күнделікті ұйымдастырылған іс-әрекетте, ойында да оларға берілетін тапсырмалар балалардың мінез-құлқына байланысты беріледі. Жылдам, қимылды балаларға кішкене отырып жұмыс істейтін, ал өте сабырлы балаларға кішкене қимылдап, өзін-өзі аша алатындай тапсырмалар беру арқылы дамытамыз. Қиыншылық та бар әрине. Онсыз болмайды. Өзіне тартсаң бала бәріне де көнеді. Балаға өзіңнің жылулығыңды сездіртсең, бала да өзіңе қарай жақын болады.
РКС: Фарида Құрманғалиева бүлдіршіндерден бөлек, олардың ата-аналарымен де тығыз қарым-қатынас орната отырып жұмыс істеуді мақсат еткен. Сонда ғана нәтиже шығаруға болады,-дейді.
СНХ: НАЗИРА ДОСЫМОВА, АТА-АНА: Бұл бөбекжайдың ұнайтыны балаларға деген қарым-қатынас. Оларға деген қамқорлық өте жоғары деңгейде. Балаларымыз жазуды, оқуды осы балабақшадан бастады. Бұл балабақшаның материалдық-техникалық базасы өте жоғары деңгейде дамыған. Мұнда робототехника, stem кабинеті, сколодром кабинеттері бар. Ол, әрине баланың дамуына жақсы үлес қосады. Сонымен қатар, баланың қауіпсіздігін таңдадық.
РКС: Шаһарда 8 мыңнан астам балғын балабақшада тәлім-тәрбие алуда. Олар ваучерлік қаржыландыру жүйесі арқылы қабылданған.
СНХ: АЯЖАН МҰРАТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 2 және 6 жасқа дейінгі балаларды қамтып жұмыс жасауда. Әр балабақшамыз біздің ваучерлік қаржыландыру арқылы жұмыс атқарады. Мектепкі дейінгі ұйымға тіркелу үшін, балабақшаға бару үшін aqmola.kz сайтына ата-ана өзінің эцп-кілті арқылы тіркеліп, сол жерге баланы кезекке қояды. Ваучерінің уақыты келгенде ата-анаға хабарлама келгеннен кейін бірден балабақшаға өздері тіркей алады құжаттарын жүктеу арқылы.
РКС: Балабақша - бақытты балалық шақтың бастауы. Ал, тәрбиеші сол бастаудың қайнар бұлағы іспетті. Сондықтан да, бұл мамандық жауапкершілік пен адалдықты талап етеді.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ