ДИКТОР: Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қабырғасында бұл мұғалімді өз жұмысына адал маман ретінде таниды. Сергей Кошкин - тек білім беріп қана қоймай, оқушыларының болашағын қалыптастыруға зор үлес қосып жүрген ұстаз. Даналық, шыдамдылық және әрбір оқушының талантына деген сенім. Бұл оның сабақ барысындағы негізгі құралы.
РКС: Мұғалімдік мамандық тек білім берумен шектелмейді. Сонымен қатар, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру да аса маңызды. Сергей Кошкин бала кезінен мұғалім болуды армандаған. Мақсатына жету үшін ол сол кездегі Көкшетау педагогикалық институтына оқуға түсті. Сол жерден бастап ұстаздық шеберліктің іргетасы қаланды.
СНХ: СЕРГЕЙ КОШКИН, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:///аударма///Менің алғашқы ұстазым маған сабақ беріп жүргенде-ақ "сен математика пәнінің мұғалімі" боласың деп айтқан. Бұл менің болашағыма ойтүрткі болды десем артық емес. Кейін метематика пәніне деген махаббатым біртіндеп физика пәніне ауысты. Сондықтан, бұл мамандықты саналы түрде таңдадым. Жалпы, мұғалім болу үшін осы саланың маманына айналу керек. Біріншіден, академиялық білім алу. Екіншіден, әрине, шыдамдылық пен төзімділік және баланың жеке басына құрметпен қарау. 32 жылдық еңбек өтілім бар. Бірақ, менің әрі қарай дамуыма оқушылар ықпал етуде. Олар маған түрлі қызықты сұрақтар қояды. Осылайша, мен бір жерде тұрып қалмай, әрі қарай шыңдаламын.
РКС: Сергей Кошкиннің сабақтары мағыналы, әрі қызықты өтеді, - дейді оқушылар.
ИНТЕРШУМ: Сабақтан үзінді
СНХ: ОЛЖАС ТЕМІРҒАЛИ, 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:///аударма///Сергей Петрович өте жақсы мұғалім. Ол өзінің білімін әр сабақта ұтымды пайдаланып, қызықты өткізуге тырысады. Біз алдымен материалды қарастырамыз. Сергей Петрович әр тақырыпқа презентация жасайды. Содан кейін практикалық жұмыстар жасап, жауаптарға қол жеткіземіз.
РКС: Сергей Кошкин ұстаздық тәжірибесімен бөлісу және заманауи оқыту әдістерін меңгеру үшін іссапармен шетелге жиі барып тұрады. Түрлі конференциялар мен форумдарға қатысады, сонымен қатар Сингапур және Германия сияқты елдерде тағылымдамадан өтіп келеді.
СНХ: АЯН АЛТЫНБЕКОВ, ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:///аударма///Кошкин Сергей Петрович біздің сарапшы мұғаліміміз. Бірнеше күн бұрын ғана ол халықаралық IMPACT олимпиадасына қатысып, үшінші орынға ие болды. Біз ұстазымызбен мақтанамыз! Сергей Петрович мектеп ашылған күннен, яғни 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өте білікті маман. Сондай-ақ, ол 11-12 сыныптарға NIS физика бағдарламасын ағылшын тілінде үйретеді. Маған оның жоғары сыныптарда практикалық сабақтарды өткізу тәсілі және балалармен зертханалық тапсырмаларды орындауы ұнайды.
РКС: Халықаралық IMPACT олимпиадасы әлемдегі ең үздік білім беру мамандарын біріктіретін жарыс. Сергей Кошкиннің бұл олимпиададағы жетістігі Қазақстандағы білім берудің жоғары деңгейін көрсетеді.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, КАРИНА СҮЛЕЙМЕНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ