ДИКТОР: Келесі аптада да Ақмола облысында қатты аяз сақталады. Синоптиктердің болжамына сәйкес түнгі уақытта ауа температурасы 30–35 градус аязға дейін төмендейді. Аймақтың кей аудандарында қар жаууы ықтимал.

РКС: Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, бір апта бойы аяз болады. Түнгі уақыттарда аймақта сынап бағанасы 30-35 градусқа дейін жетеді. Облыстың оңтүстік және шығыс аудандарында 20-25 градус шамасында аяз болады деген болжам бар. Дәл осы аймақтарда қар жауады.

СНХ: САЛТАНАТ ОҢАЙБАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Күндізгі уақытта Ақмола облысының басым бөлігінде сынап бағанасы 18-ден 23 градусқа дейін аяз болады. Оңтүстік және шығыс аудандарда 13 пен 18 градус шамасында суықтықты көрсетеді. Келер аптаның соңына қарай күн біршама жылынады. Түнде 13-18, күндіз 8-13 градус аралығында суық болады.

РКС: Аптаның соңына қарай біртіндеп күн райы сынғанымен, суық ауа температурасынан әлі де сақтанған жөн,-дейді синоптиктер. Сондықтан аймақ тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтап, әсіресе түнде және таңғы уақытта ерте жолға шыққанда абай болуды ескертеді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ