ДИКТОР: Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында бірқатар маңызды мәселе кешенді түрде қаралды. Сарапшылар жоғары білім, ғылым, тарихи сана және заманауи технологияларды мемлекеттік саясатта тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар айтты. Бұл алаңның өзгелерден ерекшелігі қатысушылар көтерілген мәселелерді бір ауыздан, тұтас жүйе ретінде талқылады. Ұлттық құрылтайда айтылған бастамалармен танысқан Ақмола облысының сарапшылары мен қоғам өкілдері өңірдің алдағы даму бағыттарын айқындады. Тілшіміз баяндасын.

РКС:Ұлттық бірегейлік пен тарихи мұра. Басқа елдермен экономикалық ықпалдастық және мемлекеттік басқару. Қоршаған орта мен экология. Осы салалардың әрқайсысына тоқталған Мемлекет басшысы жасанды интеллекттің бүгінде барлық бағытта қолданылып жатқанын ерекше атап өтті. Ақылды технологиялар қоғам мен жеке адамның өміріне жан-жақты әсер етуде. Олардың қарқынды дамуы аясында Президент Үкімет пен ел алдына қойып отырған міндеттердің маңызы арта түспек.

СНХ: АЙГҮЛ ЖАҚЫПОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Мен өзім үшін бір қатар мағызды мәселені атап өттім. Бұл университет проректоры, ел азаматы, өңір мен елдің дамуына бей-жай қарамайтын адам ретінде аса өзекті мәселелер. Бүгінде жасанды интеллект шындыққа жанасып кеткен орта. Біз тек осы шындықта өмір сүріп қана қоймай, оны өзіміз қалыптастыруымыз керек. Жасанды интеллект пен цифрландыру саласын игерген ұлт қана табысты болады. Бұл университеттерге қойылып отырған тікелей талап. Себебі, жоғары оқу орындары IT мамандарын, инженерлік кадрларды, қолданбалы зерттеулермен айналысатын, технологияны тек пайдаланатын ғана емес, оны әзірлеп, енгізе алатын мамандарды даярлауы тиіс. Бұл бағытта біздің университет соңғы 2 жылда ауқымды жұмыс атқарды.

РКС: Соңғы жылдары Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 200 оқытушысы генеративті жасанды интеллектті меңгерді. Ұстаздар біліктілігін арттырып, жаңа технологияларды оқу үдерісіне енгізуді үйренуде. Студенттер де бұл бағыттан қалыс қалған жоқ. Университеттің 8 мыңға жуық студенті Coursera (курсэра), Astana Hub және Huawei платформаларында түрлі курстан өтті. Сонымен қатар оқу орны «AI-Sana» жобасына қатысуда. Оның аясында университетте оқытушылар мен студенттерге техникалық қолдау көрсететін 55 жасанды интеллект агенті іске қосылды. Бүгінде жастардың өмірі IT технологияларымен тығыз байланысты деуге толық негіз бар.

СНХ: РАУШАН ТҰРАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Атап өтсем, Іскер Әйелдер Қауымдастығының жанында «Ата-баба даналығы» атты жоба бар. Бұл жоба бағытында біздің жасы үлкен іскер әйелдер, біздің үлкен жасты құрбыларымыз, тәтелеріміз, әжелеріміз. Мысалы, бұл бағытта бата береді. Және сонымен қатар Абайдың қара сөздерін насихаттайды. Бүгінгі күнде Қазақстан Республика бойынша білім беру бағыты бойынша тағы да басқа қосымша сайыстар бағытында. Осы Абайдың Қара Сөздерін оқу өткізіледі. Біздің жастарымыз өте мәнерлі, осы Абайдың Қара Сөздерін үлкен бір деңгейде жетік меңгергені өте қуанышты жағдай деп айтсақ болады.

РКС: Мемлекет басшысының 3-ші Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына сәйкес, елімізде Ұлттық кітап күні аталып өтілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жуық арада Астана мен Алматы қалаларында президенттік кітапханалардың құрылысы басталады. Елде қоғам арасында оқу мәдениетін қалыптастыру ісі әрі қарай да жүйелі түрде жүргізілмек. Сонымен қатар, еңбек құндылығын дәріптеу де назардан тыс қалмайды. Еңбек адамдарының маңдай тері – табыстың басты кепілі, қоғамның негізгі әлеуметтік тірегі және алға ілгерілеудің маңызды факторының бірі.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.