ДИКТОР: Ақмола облысының аумағында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі шаралар іске асырылып жатыр. Кез келген заң бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын қолдану жұмыстары жетілдірілуде. Бұл тәсіл құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтауға, олардың жолын кесуге және ауыр қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Нөлдік төзімділік қағидаты тәжіребиеде қалай қолданылуда? Тілші баяндасын.
РКС: Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсақ құқық бұзушылықтарға дер кезінде назар аудару қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. Мұндай әрекеттерге тиісті шаралар қолдану жазасыздықтың алдын алып, қылмыстық ахуалдың ушығуына жол бермейді.
СНХ: АЛМАГҮЛ ТҰРСЫМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Қарапайым мысал келтірейін, егер подъезде үнемі қоқыс тасталып, темекі қалдықтары қалса оған ешкім мән бермесе, уақыт өте келе ол жерде вандализм мен қылмыс орын алады. Ал нөлдік төзімділік қағидаты аясында анықталған барлық құқық бұзушылық белгіленген тәртіппен тіркеліп, тиісті шаралар қабылданады.Өткен жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қарсылық білдіруге қатысты 35 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Олардың ішінде қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйінде жүру фактілері басым болып отыр. Аталған санаттағы құқық бұзушылықтар 14 мыңға жуық немесе жалпы көрсеткіштің 40 процентіне тең. 2024 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 438 дерекке артқан.
КЕСТЕ МӘТІНІ:
Өңірдегі жедел-қызметтік жағдай тұрақты. Қылмыстық істер 11 процент төмендеді. Егер 2024 жылы 4166 жағдай тіркелсе, былтыр 3697 жағдайға дейін азайды. Ауыр қылмыстар саны 10, аса ауыр қылмыстар 71 процент қысқарды. Адам өлтіру фактілері 30, денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректері 6 пайыз азайды. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 854-тен 797-ге дейін төмендеді. Мас күйінде жасалған құқық бұзушылықтар 3 процент қысқарған.
КЕСТЕ:
ӨҢІРДЕ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТІРКЕУ КӨРСЕТКІШІ 11% ТӨМЕНДЕДІ
2024 ж. – 4166 жағдай
2025 ж. -3697 жағдай
Ауыр қылмыс – 10%
Аса ауыр қылмыс – 71%
Адам өлімі - 30%
Денсаулыққа зиян келтіру – 6%
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс– 7%
Мас күйінде жасалған заң бұзушылық - 3%.
РКС: Құқық қорғау органдарының ұсақ құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуі халық арасында құқықтық мәдениет пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ,