ДИКТОР: Ақмола облысында құмар ойындарға тәуелділік тәуекелдері және мемлекеттік қызметтегі оның алдын алу шаралары талқыланды. Конференция өңірдегі мемлекеттік ұжымдарда тәуелділікке нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру және қызметшілерге уақытылы психологиялық көмек көрсетуге бағытталды. Шараға тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.
РКС: Қазір құмар ойындарға патологиялық тәуелділігі бар адамдарға тегін емдеу және мемлекет есебінен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету ауқымы кеңейіп келеді. 2024 жылы мұндай көмек 50 адамға көрсетілсе, былтыр — 150, ал жыл басталғалы 300 адамға көрсетіледі.
СНХ: НҰРҚАТ БАТЫРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Мемлекеттік қызметте ойын құмарлыққа жол берілмейді. Және мемлекеттік қызметкерлердің ойын құмарлыққа және бәстеуге барған бұл жай ғана қателік емес, заң бұзушылық және мемлекеттік қызметтегі жұмысына нүкте қойылады. Мұндай қателіктердің алдын алу мақсатында бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып отырмыз. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың иммунитетін күшейтіп, оларды әрі қарай мемлекеттік қызметтегі қызметкерлерді қоғам алдында мінсіз тұлға ретінде көрсету.
РКС: Қазақстандағы ойын бизнесі саласындағы заңнамалық өзгерістер мен бақылауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мамандар мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін әрекеттер жасау қатаң тәртіптік жауаптылыққа әкелетінін еске салды. Психологтар химиялық емес аддикциялар саны жылдан жылға артып келетінін айтуда. Оған интернетке, заманауи гаджеттерге тәуелділік, ойынқұмарлық, шопоголизм, сондай-ақ психогендік артық тамақтану жатады. Мұндай тәуелділіктермен күресу өте қиын. Айта кетейік, eGov қосымшасында кез келген азамат құмар ойындарға қатысу мүмкіндігін шектеу қызметін пайдалана алады. Ол үшін «Спорт» бөліміне кіру қажет. Құмар ойындарға қатысуға шектеу көп дегенде 10 жылға белгіленуі мүмкін.
СНХ: АЛЕКСАНДР ВЫСОЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бәріміз бақытты болуға ұмтыламыз. Алайда бақыт сезімі табиғи ғана емес, сонымен қатар аддиктивті, яғни тәуелді немесе деструктивті сипатта да болуы мүмкін. Аддикция болған жағдайында адамда соматикалық денсаулықтың сыртқы нашарлау белгілерімен қатар, уақыт өте келе жинақталатын психикалық және әлеуметтік мәселелер де туындайды.
РКС: Мамандардың айтуынша, лудомания мәселелерін шешудің белгілі бір жолы жоқ. Осы орайда Заңға маңызды өзгерістер енгізілді. Конференция барысында қатысушыларға құмар ойындардың салдары туралы сараптамалық материалдар мен бейнероликтер ұсынылды. Мемлекеттік қызметшінің бейнесі әрдайым парасаттылық пен іргелі құндылықтардың үлгісі болуы тиіс», – деп қорытындылады департамент басшысы.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ