ДИКТОР: Былтыр Наурыз айында Көкшетауда аға буынның белсенді өмір салтын қолдауға бағытталған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы өз жұмысын бастаған еді. Мұнда зейнет жасындағы азаматтар үшін түрлі үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылып, бос уақытты тиімді әрі мазмұнды өткізуге барлық жағдай жасалған. Ал Зеренді ауылындағы дәл осындай орталық былтыр қаңтар айынан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов аталған орталыққа арнайы барып, оның белсенді қатысушыларымен кездесті.

Интершум:

РКС: Қос қабатты ғимаратта орналасқан орталыққа күн сайын 30-ға жуық аға буын өкілі келеді. Орталықтың бірінші қабатында йогамен айналысуға арналған кең зал мен зейнеткерлерге арнаған жайлы ас үйі бар. Ал қалған секциялар екінші қабатта орналасқан. Келушілер арасында ерекше сұранысқа ие массаж бөлмесі. Бұған қоса, орталыққа келушілер қолөнер бағыты бойынша шығармашылық жұмыстармен айналысып, шеберліктерін шыңдауда.

СНХ: АИДА САДЫҚОВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ: Орталықта 6 бағыт бойынша жұмыс істейміз. Ол йога, массаж, психология, еңбек терапиясы, музыка және бассейн бар. Келушілерімізге подвоз бар. Аудан әкімдігіне көп рахмет айтамыз.

РКС: Аймақ басшысы орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, аға буын өкілдерімен жүздесті. Кездесу барысында қариялар атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнап, ақ баталарын жаудырды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Халықаралық деңгейде «Күміс ғасыр» деген бағдарлама бар. Адам зейнетке шыққасын ең қызық шақ. Балаларыңыз жетілді, енді өздеріңіз үшін өмір сүру керек. Қазір мемлекетіміз дамып жатыр. Сіздер де өмірдің қызығын көрсін деп біз осындай орталықтар құрып жатырмыз. Мынау үйді арнайы сіздерге біздің бюджеттен алып бердік. Соны пайдаланып, көңілдеріңізді көтеріп, сырласып, белсенді өмір сүрсін деп осындай бағдарлама құрып жатырмыз.

РКС: Мұндағы қариялар өзін сергек сезінеді. Олар түрлі мәдени-танымдық шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Ал сыртқы іс-шараларға кедергісіз қатысу үшін орталыққа арнайы шағын автобус та алынған. Өңір басшысы аға буынға қуаныш сыйлап, орталыққа жаңа теледидар табыстады. Бұл сыйлық қариялардың бос уақытын одан әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік бермек.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ