ДИКТОР: Телефоныңызды қуаттауды ұмытып кетсеңіз, енді спортпен шұғылдануға тура келеді. Көкшетаудың саябақтары мен Бурабай, Зеренді курортты аймақтарына энергия өндіретін,яғни телефон қуаттайтын велотренажерлар қойылмақ. Бұл жобаны Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті бір жыл ішінде жасап шықты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Салтанат Айтбекова Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 4 курс студенті. Ол бір жыл бұрын «Энергия өндіретін спорттық велотренажер» тақырыбында ғылыми жұмысын бастаған. Кейін оны толық жүзеге асырды.
СНХ: САЛТАНАТ АЙТБЕКОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: 1 минутта 1 процент зарядттайды, 1 сағатта 60 процент. Бурабайда, Көкшетаудың қоғамдық орындарында орналастырылады деп болжап отырмыз. Бұл қазіргі кезде сұранысқа ие, бұған электр энергиясы керек емес, адамның ынтасы, энергиясы, физикалық энергиясы керек.
РКС:Халықаралық ғылыми жобалар байқауында Түркия мен Ресейден келген ғалымдар Салтанаттың жобасына жоғары баға берді. Бұл қолдау жас зерттеушіні одан әрі қанаттандыра түсті. Қазір университет тарапынан қаржылай қолдауға ие болған ол әлеуметтік-техникалық конкурсқа дайындық үстінде.
СНХ: НҰРГҮЛ НАЙЗАБЕКҚЫЗЫ, ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР: Салтанат бұл жобаны өз қолымен жасады. Мұндай велотренажер Англияда, Америкада басқа да дамыған мемлекеттерде бар. Бірақ олардың бағасы анағұрлыжоғары. 1,5 млн-нан 3 млн аралығында. Ал Салтанат 500 мың теңге көлеміндегі материалдарды қолданып жасап шығарды. Мен жетекшісі ретінде қандай ғылыми құбылыстар арқылы жұмыс істеу керек сол жағынан бағыт бағдар бердім. Ал қандай техникалық моменттер бар, әрбір детальды өзі жасап шығарды бір жылдың көлемінде.
РКС: Қазіргі таңда көптеген адамның дене белсенділігі төмен. Жоба авторлары қозғалысты тиімді реттеу арқылы экологиялық таза энергия көзін өндіруге болатынын дәлелдеп отыр.
СНХ: НҰРГҮЛ НАЙЗАБЕКҚЫЗЫ, ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР: Адам өзінің денсаулығын жақсартады біріншіден, екіншіден экологиялық таза, үшіншіден мобильді телефонын зарядтап алады кез келген жерде. Қауіпті жағдай болып қалуы мүмкін. Сонда тез зарядтап, такси шақыруына, көмек шақыруға мүмкіндік болады. Қазір аккумлятор қолданып тұрмыз болашақта тек өздігінен механикаға айналатын құрылғымен шектелеміз деген ойдамыз, түрі де өзгеруі мүмкін.
РКС: Салтанат алдағы уақытта шетелге барып мол тәжірибе жинағысы келеді. Кейін елге оралып түрлі жобаларды жүзеге асырсам дейді. Ал велотренажердің алғашқы нұсқасын қазір университет оқытушылары мен студенттері қолданып жүр.
СНХ: БЕКЗАТ НӘЛІБАЕВ, СТУДЕНТ: Біз кейде телефон қуаттағышымызды ұмытып кеткенде келіп, осылай қуаттап аламыз. Бұл әрі спорт, әрі пайдалы. Телефон өшіп қалған кезде, зарядка аз болған кезде осылай пайдалануға болады.
РКС: Салтанат жетекшісімен бірге осы жобаға патент алып, оны әрі қарай дамытуды жоспарлап отыр. Олар энергия өндіретін тренажерді көптеп шығарып, кеңселерге орналастыруға ниеттенеді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ