ДИКТОР: Өрттің және өзге де төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар департаменті халық арасында күн сайын профилактикалық шаралар жүргізіп тұрады. Мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, тілсіз жаудың орын алуы мүмкін жағдайлар туралы ескертеді. Әсіресе, бұл жылу беру маусымында тәуекелді азайтуға септігін тигізеді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жылу беру маусымы басталы бері өрт сөндірушілер алдын алу шараларын күшейтіп, өрт қаупі жоғары болатын осал топтар мен жеке сектор тұрғындарына ерекше назар аударды.

СНХ: РУСЛАН МОЛДАҒҰЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: Жылу беру маусымы басталғалы бері, яғни тамыздың 15-сінен бастап қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Мәселен, өрт қауіпсіздігіне байланысты 3 айлық өткізілді. Бұл айлықта әлеуметтік осал топтардың құрамына жататын отбасылар толық қамтылды. Көкшетауда 500-ден астам осал топ санатына жататындар бар. Біз әр үйге көміртегі тотығы немесе түтін детекторын орнаттық. Сонымен қатар, біз Көкшетау қаласының әлеуметтік қамсыздандыру департаментімен бірлесіп, жеке үйде тұратын әрбір отбасының мұржаларын тазаладық.

РКС: Мұндай тексерулер үнемі жүргізіліп тұрады. Қызметкерлер тек мұржаларды тазалап қана қоймай, арнайы датчиктерді орнатады. Бұл қауіптің алдын алуға оң септігін тигізуде.

СНХ: МҰХАМЕД УӘЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мынау шаңырақта тұрамын. Жігіттер келіп маған пешімді тазалап, сигнализация қойып берді. Бәріне көптен-көп рахмет! Осылай жылда келіп, тексеріп отырады.

РКС: Көкшетаулық өрт сөндірушілер күн сайын маңызды әрі қиын жұмыстарды атқарып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Өрттің алдын алу, уақытылы тексерулер мен қарапайым халыққа көмек көрсету. Бұл жұмыстардың бәрі төтенше жағдайдың алдын алады.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ