ДИКТОР: Зеренді ауданының инфрақұрылымы айтарлықтай қарқынды даму үстінде. Былтыр іргетасы қаланған көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы сәтті аяқталып, жылдар бойы баспана кезегінде тұрған 26 отбасына бүгін аймақ басшысы Марат Ахметжанов жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жаңа пәтерлердің кілті көпбалалы отбасыларға және әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға табысталды. Солардың қатарында толық емес отбасы санаты бойынша 9 жыл бойы баспана кезегінде тұрған Индира Әбжанова да бар. Ол екі бөлмелі жаңа пәтердің иесі атанғанына қуанышын білдіріп, бұл сәтті көптен күткенін айтты.

СНХ: ИНДИРА ӘБЖАНОВА ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Өте қуаныштымын. Алдымен Президентімізге, облыс әкіміне жергілікті әкімге алғысымыз шексіз, осылай көңіл бөліп, баспанамен қамтамасыз етіп жатқандарына. 2017 жылдан бері баспана кезегінде толық емес отбасы санаты бойынша кезекте тұрдым. Желтоқсан айында маған хабарласып баспаналы болғанымды хабарлады, бірден сене алмадым. Кейін құжаттарымды жинай бастадым. Барлық құжаттарымды тапсырдым. Енді көптен күткен баспанамның кілтін алдым. Қуанышымда шек жоқ.

РКС: Тұрғын үйлерді бөлу жұмысы жаңартылған талаптар мен жаңа тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуда. «Отбасы банкінің» қаражаты есебінен 1 миллиард 69 миллион теңгеге 62 пәтер сатып алынған. Оның ішінде 3 бөлмелі 3, қалғаны 2 бөлмелі пәтер. Салтанатты шара барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов басты мақсат мұқтаж жандарға қолдау көрсету екенін атап өтті. Еліміздің одан әрі дамуы мен әлеуметтік әлеуетінің нығаюы, ең алдымен, азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартудан басталады, - деді ол.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өлкемізде халықты, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды баспанамен қамту – аса өзекті мәселенің бірі. Соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның нәтижесінде бір ғана былтырдың өзінде Ақмола облысында мыңнан астам мұқтаж тұрғын қоныстойын тойлады. «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылған тұрғын үй сатып алу бағдарламаларының арқасында баспаналы болды. Жаңа 2026 жылды біз осындай игі істермен бастап отырмыз. +скл+Айта кету керек, баспаналар «Отбасы банк» арқылы ашық, заңды және әділ тәртіппен үлестірілуде.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Былтыр мыңнан астам ақмолалық мұқтаж азамат баспаналы болды. Оның 800-і «Отбасы банкінің» арнайы сатып алу бағдарламасы аясында пәтер кілтіне ие болған. Бұл бағыттағы игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғын үймен қамту тетіктері кеңейе түспек.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ