ДИКТОР: Спорттық жаттықтырушы мамандығы – жоғары кәсіби дайындықты талап ететін көпқырлы қызмет саласы. Ол спорттық жетістіктермен қатар педагогикалық және психологиялық құзыреттілікті де қажет етеді. Молдабек Қалиұлы Ағзамов соның айқын дәлелі. Жуырда спорт ардагерінің 70 жас мерейтойына арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық турнир өтті. Додаға тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.
РКС: Молдабек Қалиұлы Ағзамовтың есімі бұрынғы Көкшетау облысының аумағына кеңінен танымал тұлға. Еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, «Ақ бидай» спартакиадасының бірнеше дүркін чемпионы, ұлттық спорт түрлері бойынша спартакиадалардың жеңімпазы. Қазір еркін күрестен Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша ауданы бойынша құрама командасының жаттықтырушысы, спорт ардагері. Саналы ғұмырын спортшыларды тәрбиелеуге арнады.
СНХ: МОЛДАБЕК АҒЗАМОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ: Ғұмырымды күреске арнадым. Көп бала тәрбиелеп шықтым осы 50 жылдың ішінде. Балалар аман болсын. Осындай турнирлер көп болсын. Қазір зейнетке шықтым. Қазір спорт кешендері салынып жатыр. Спортқа жақсы көңіл бөледі. Біздің спорт мектебімізде 14-16 үйірме бар. Жастарға бұрыңғыдай емес, спортпен дайындаламын десе бүкіл жағдай жасалған.
РКС: Сайысқа 100-ден астам спортшы қатысты. Турнирде Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар, Қызылжар, Уәлиханов, Тайынша аудандарының, сондай-ақ Щучинск, Астана мен Петропавл қалаларының спортшылары бақ сынасты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЕРІК КУДУЛОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Ағзамов Молдабек Калиевич менің бапкерім. 70-ке толып отыр. Сол тойға бүгін он команда жиналып отыр. Ақмола облысы, Астанадан келіп отыр, Петропавл СҚО-дан. Бүгінгі жарысымыз жақсы өтсін. Молдабек Калиевич ағамыз аман болсын. Денсаулығы мықты болсын.
СНХ: ОРЫНБЕК БАЛАҒАНОВ, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Келесі аптада Қазақстан Республикасының біріншілігіне іріктеу болады. 22-24 ақпан аралығында. Сол кезде іріктеледі. Жеңгендер, мықтылар ҚР чемпионатына қатысады, Астана қаласында болады. Соған дайындалып жатырмыз. Екі әлем чемпионы бар солтүстік Қазақстанда.
РКС: Турнирге жас спортшылардың бірі Әмір Әнуарбек қатысты. 42 келі салмақ дәрежесінде күресіп, жүлделі екінші орынды иеленді. Балғын күресші болашақта Молдабек Қалиұлы сияқты бапкер болғысы келетінін айтады.
СНХ: ӘМІР ӘНУАРБЕК, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен еркін күреспен бір жарым жыл бұрын айналыса бастадым. Осы жарысқа ұзақ дайындалдым. Өзімнен салмағы үлкен, 46 келі болатын достарыммен күрестім, осында жеңіске жету үшін. Ең кереметі – мұнда белбеу береді. Маған бұл жерде қатты ұнайды.
РКС: Турнир қорытындысы бойынша 18 келі салмақта Бауыржан Рауан, 46 келіде Нұралы Мұжалхан, 55 келі салмақ дәрежесінде Аңсар Оралбай жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаз белбеу және медальдармен марапатталды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ