ДИТКОР: Ұс¬таз - ұлағатты есім. Білім мен білік, қа¬жыр мен қайрат сынға түсетін ұстаздық қызметті өмірінің мәні де, сәні де ете білгендердің бірі - Жадыра Махметова. Ол Көкшетаудың іргесіндегі №2 Красный Яр орта мектебінде он жылға жуық оқушылардың білім нәрімен сусындатып келеді.

РКС: Жадыра Махметова мектепті тәмамдаған соң, бірден Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, алғашқы еңбек жолын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінен бастады. Алайда, уақыт өте келе ұстаздық жолын мектеп қабырғасында жалғастыруды жөн көрді.

СНХ: ЖАДЫРА МАХМЕТОВА, КРАСНЫЙ ЯР №2 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Мұғалімдік жолды таңдауымның ең басты себебі, ол қазақ тілі мен қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілік. Мен мектепте оқып жүргенде осы пәндерді сүйіп оқитынмын. Ең басты себебі сол болды және сол пәнді біздің тұла бойымызға меңгерген ұстазымыз әрине. Сол кісілердің арқасында мен осы пәнді таңдап, қазіргі таңда осы пәннің иесі болып отырмын.

РКС: 20 жылдан астам тәжірбиесі болса да, ұстаз жаңашылдыққа жаны құмар. Білім саласындағы сәтті, сәтсіз реформалардың бәрін көз алдынан өткізіп келеді. Дүние жаңарғанымен, ұстаз үшін өзгермейтін бір ғана қағида бар. Ол- мамандыққа деген адалдық.

СНХ: ЖАДЫРА МАХМЕТОВА, КРАСНЫЙ ЯР №2 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Қазіргі балалармен тіл табысу оңай деп айта алмаймын. Сондықтан, балалардың дамуына залам ағымына сай, өзімізде дамуымыз қажет. Соған байланысты сабақ барысында да, сабақты өткізу барысында да әдіс-тәсілдер болсын, балаларға деген қарым-қатынас болсын, тіпті және тәрбие өзің біз балаларға өздерінің сұраныстарына сай етіп, ұлттық құндылықты ұмытпай балалардың бойына сіңіруіміз қажет.

РКС: Бүгінде қазақ тілі және әдебиет пәні арқылы көпшіліктің жүрегінен орын тапқан Жадыра Асылбекқызынан тәлім-тәрбие алып жүрген оқушылар ризашылығын білдіруде.

СНХ: ЖАНЕРКЕ ҚҰНАНБАЙ, КРАСНЫЙ ЯР №2 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Өзімнің ұстазым Жадыра Асылбекқызы жайлы айтып кетсем, ол өте керемет адам. Ол кісімен біз көптеген сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алғанбыз. Былтырғы жылы біз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының барлық кезеңдеріне қатысып, республикалық дейгейге де жеттіп, жүлделі орын алып келдік. Ол осы кісінің арқасы. Ол кісі болмаса мен білмеймін, мүмкін осындай сайыстарға қатыспас едім. Ұстазымның мінез-құлқы өте керемет. Ол өте сабырлы, сыпайы, мәдениетті. Әрдайым күліп жүреді.

РКС: Заманауи ұстаз кемел ұрпақ тәр¬бие¬леуді өмірлік мақсат тұтқан, өзгелерге өнер-білім үйрете жүріп, өзі де өмір бойы оқып, үйрене жүре¬тін сегіз қырлы, бір сырлы жан болуы қажет,-дейді кейіпкеріміз.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ