ДИКТОР: Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда еліміздің бірқатар қалаларында жаңа жылу электр орталықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды. Президент Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорының жұмысына сын-ескерту білдіріп, энергетикалық жобаларды созбалаңға салмай, уақытылы әрі сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.
Жылу мәселесі әлі де өзекті болып отырған қалалардың қатарында Көкшетау да бар. Осы ретте шаһардағы жылу беру маусымы қалай өтіп жатыр? Тілшіміз Жанар Мұқышева баяндайды.
РКС: Қаңтардың қытымыр аязы шаһардағы жылу желілерінің ескіргенін тағы бір мәрте аңғартты. Сақылдаған сары аязда қала тұрғындарының бір бөлігі жылудың мардымсыздығына шағымдануда. Сәуле Ысқақова «Юбилейный» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрады. Жаңа туған немересі бар, сондықтан үйді жылыту үшін пеш жағуға мәжбүрміз,-дейді.
СНХ: СӘУЛЕ ЫСҚАҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Міне электрообогревательға төлейміз светке, 25 мың көріп тұрмыз, ОСИ-ға бәленбай төлейміз, сонда не үшін төлеп жатырмыз біз. Тепло вообще жоқ, мына екі обогреватель. Қазір свет сөніп қалсыншы, үй азынап кетеді, 16 градус болып кетеді. Батарея еле-еле жылы боп тұр ғой.
РКС: «Көкшетау жылу» - облыс орталығын жылумен қамтамасыз етіп отырған жалғыз кәсіпорын. Қаладағы қазандықтардың шамамен тең жартысы тозған. Бүгінде жылу негізгі 2 қазандық арқылы беріледі. Сондықтан оларға түсетін жүктеме де орасан.
СНХ: РУСЛАН МӘКІШЕВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта біздің бірінші аудандық су жылытқыш котельныйда екі су қазандығымыз істеп тұр. Екінші аудандық котельныйда 3 су жылытқыш қазандығы істеп тұр. Негізі 5 су жылытқыш қазандығы жалпы істеп тұр. Қаланың шет жағынан жалпы наразылықтар келіп жатыр. Біздің диспетчерский служба заявкалардың бәрін алып жатыр. В усиленном режиме жұмыс істеп тұрмыз. Біз бір-ақ котельныймыз бүкіл қалаға. Келесі жылдары мына ТЭЦ салынғаннан кейін жүктеме жеңілденеді деп, бізге қалаға сондай көмек болады деп соған сенім білдіріп отырмыз.
СНХ: ТЕМІРЛАН ТІЛЕУЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Жалпы аймақта 90 жылу қазандығы бар. Жылу беру маусымына дайындық кезінде 59 қазандық жаңартылды. Сондай-ақ ұзындығы 20 шақырым жылу желісі жөнделді. Аталған кешенді шаралардың нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 39-дан 37 пайызға дейін төмендеді.
РКС: Ал жылу тапшылығын түбегейлі шешуге бағытталған жаңа жылу электр орталығының құрылысы былтыр басталып, кезең-кезеңмен 2028-2029 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Мына біздің аудан мкр-н «Бейбітшілік» үлкен аудан, бұл жақта 700-ге жақын үй. Көмірмен қамту деген қиын ғой қазір енді. Оның өзі тоннасы 22 мыңнан. Доставкасымен бәрімен өзі қалтадан әжептәуір ақша шығып кетеді. Осы ТЭЦ салынып жатыр деп айтып жатыр Көкшетауда, осы ауданға жылу берсе деп, жақсы жаңалық қой, өзіміз қуанып отырмыз сол ТЭЦ салынып жатқанына. Көмір жағу деген қиын, жылы су болады,оның бәрі жақсы, аристон қосылады, оның бәрі ақша.Қазір свет та қымбат қой.
- Көкшетау қаласында жалпы енді құрылыс жылдан-жылға ұлғайып келе жатыр ғой. Кешендер салынып жатыр, үйлер салынып жатыр деген сияқты. Экологиялық бағытта да өте маңызды.
РКС: Мамандар тұрғындарды қажетті көмір қорымен қамту жұмыстары қатаң бақылауда екенін айтады. Бүгінде шамамен 40 мың тонна көмір қоры бар.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ