ДИКТОР: Еліміз бойынша бесінші Ұлттық Құрылтайда көтерілген мәселелер қызу талқылануда. Онда саяси жүйе, әлеуметтік сала және еңбек адамдарының мүдделерін қорғауға қатысты мәселе көтерілді. Ақмола облысы қоғам белсенділерінің қабылданған шешімдерге қатысты ой қандай? Реформалардан не күтеді? Тілші жеткізсін.

РКС: Бесінші Ұлттық Құрылтайда елдегі жаңа реформалардың бағыты айқындалды. Мемлекет басшысы саяси жүйеге, мемлекеттік институттардың жұмысына және қоғамдық диалогқа әсер ететін бастамалар жайлы тілге тиек етті. Негізгі шешімдердің бірі жаңадан құрылатын бір палаталы Парламенттік секторды - Құрылтай деп атау. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ролін қайта қарау ұсынылды.

СНХ: АНАР АЯПБЕРГЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Кеше ұлттық құрылтайда қоғам өміріне бірқатар түзету енгізілді. Соның бір парламенттік секторды құру. Президент оған "Құрылтай" атауы берілетінін және 145 депутатты қамтитынын жариялады. Бұл біздің саяси өміріміздің назардан тыс қалмай, халықтың ұсынысын ескере отырып жасалғанын көрсетеді. Жалпы, бұл депутаттар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Елімізде олардың өмірімізге ықпал ету аясын да кеңейтеді. Сонымен қатар, отбасы институтына көңіл бөлінді. Отбасылық құндылықтарды сақтау маңызды. Сондай-ақ, ғылымға да айтарлықтай көңіл бөлініп жатқанын атап өткен жөн. Мемлекеттің дамуы ғылымның дамуымен қатар жүруі тиіс.

РКС: Кәсіподақтар қозғалысының өкілдері де бесінші құрылтайда қабылданған шешімдерге қатысты пікірлерін білдірді. Олар қоғам көтерген бастамалар әділеттілікке және еңбек адамдарының мүдделерін қорғауға бағытталғанын айтты.

СНХ: ҚАЛИ РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Кеше ел болып 5-ші құрылтайды қарадық. Бүгінгі күні біз қоғам талап ететін революциялық өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Мені толғандырғаны ол әділетті Қазақстан және заңдар үкіметі. Біз көбінесе жұмысшы мамандықтардың, яғни кеншілердің, металлургтердің, дәрігерлердің және мұғалімдердің қыруар атқарып жатқан жұмысын елемей жатамыз. Олар жалпы ішкі өнімді қалыптастыратын адамдар. Ал кәсіподақтарды алаңдататын жалғыз мәселе, ол еңбек қауіпсіздігі. Яғни, адам жұмысқа шыққаннан кейін міндетті түрде қайта үйіне оралуы. Біз, қоғамдық бірлестік ретінде, мемлекет басшысының үндеуін әрқашан қолдаймыз. Сонымен қатар, түбегейлі өзгерістерді талап ететін шешімдерді қабылдауға дайынбыз.

РКС: Бесінші Ұлттық құрылтайдың қорытындысы ел дамуының жаңа бағытын белгіледі, - деп отыр аймақ белсенділері. Сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік әділеттілік пен еңбек адамдарын қорғау, саяси жүйенің жаңаруы Қазақстандағы реформаларды одан әрі жаңғыртуға негіз болады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ