ДИКТОР: Енді Зеренді тұрғындары таза ауада отбасымен уақыт өткізіп, ыңғайлы орында спортпен айналыса алады. Былтыр ұзындығы 2,5 шақырымға жететін шаңғы-роллер трассасы жаңғыртылған еді. Күні кеше аймақ басшысы Марат Ахметжанов жаңартылған шаңғы базасына барып, жас спортшылармен жүздесіп, жаттығуларына куә болды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұл еліміздегі заңсыз қайтарылған активтердің есебінен салынған алғашқы әлеуметтік мекеме. Жобаны іске асыру биатлоншылар мен шаңғышыларды дайындау мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Сонымен қатар тұрғындарға күндіз де, кешкі уақытта да жаттығу жасауға және белсенді демалуға толыққанды жағдай қалыптастырады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Былтыр небәрі 5,5 айдың ішінде мына Спорт сарайы салынып, пайдалануға берілді. Мұнда тек жарыстар өткізілмейді, экотуризмді дамытуға да мүмкіндік бар. Сонымен қатар, өткен жылы «Қазақстан халқына» қоры спорттық 1500 шаңғы сатып алып, жас спортшыларға табыстады. Сол себепті де, өткен жылғы қысқы спартакиадада Ақмола облысының спортшылары бірінші орынға ие болды. Қазақстан халқының спартакиадасы тарихында алғаш рет біздің шаңғышылар командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Алдағы уақытта біз бұл бағытты одан әрі нығайтып, жаңа биіктерді бағындыруымыз қажет.

СНХ: СЕРГЕЙ РУКАВИШНИКОВ, ЗЕРЕНДІ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Бізге облыс әкімі Марат Мұратұлы келді. Біз оның қатысуымен 7,5 шақырымға шаңғы тептік. Әкім бізбен бірге бірінші рет емес, екі-үш жыл бойы тұрақты түрде жаттығып келеді. Оның қолдауымен бізге жаңа, заманауи спорт мектебі салынып, барлық жағдай жасалды. Бұл жерде біз өзіміздің мүмкіндіктерімізді толық пайдаланып, жарыстарда жүлделі орындар алып келеміз. Сондай-ақ, ақмолалық қыздарымыз секілді шаңғы жарыстарына олимпиадаға іріктелу мүмкіндігі де қарастырылған. Баршаңызды шаңғы жарыстарымен айналысуға шақырамын. Бұл спорт денені шынықтырады, иммунитетті көтереді. Олимпиада қатысушыларына биік жеңістер, елеулі жетістіктер тілеймін. Барлық старттарды лайықты түрде өтулеріне тілектеспін.

РКС: Трасса бойында кешкі уақытта жарықпен қамтылған демалуға арналған орындар мен әткеншектер орнатылған 8 демалыс аймағы бар. Кешкі уақытта және демалыс күндері шаңғы-роллер трассасы адамға лық толы болады. Себебі мұнда белсенді демалыс және спортпен шұғылдануға арналған барлық жағдай жасалған.

СНХ: ҚАЙЫРБЕК ҚАЛИБАЕВ, ЗЕРЕНДІ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Шаңғы базасы 2001 жылы ашылған. Былтыр Марат Мұратұлының қолдауымен қайта жаңғыртылды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жабық төрешілер орны бар, оның екі жағында балалардың киім ауыстыратын орны бар. Бұрын осы шаңғы трассасының ұзындығы 1644 болса, оған 900 метр қосып 2500 метрге ұзарттық. Бәрі жарықпен қамтамасыз етілген, 4 метрлік 110 жарық орналастырылған. Ал мына стартовый городокта 5-8 метрге жарығымыз бар. Жылы дәретханалар бар. Бір сөзбен нені армандадық, соған қол жеткіздік.

РКС: Ақмолалық спортшылар қазір қысқы спорт түрлері бойынша көш бастап тұр. Еліміз бойынша Кортине д’Ампеццоға 36 олимпиадалық спортшы қатысса, олардың алтауы біздің жерлесіміз. Осындай жаттығу орындарындағы жасалған барлық жағдай олардың Олимпиадаға дайындығын бұрынғыдан да шыңдай түсті,-дейді мамандар.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕКҒ КӨКШЕ АҚПАРАТ