ДИКТОР: «Заң және тәртіп» қағидаты аясында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №7 мекемеде прокуратураның бастамасымен «Сотталғандарды оңалту және әлеуметтік бейімдеу» акциясы өткізілді. Шара мемлекеттік органдар мен сотталғандар арасындағы кеңейтілген жұмыс кездесуі форматында ұйымдастырылып, әлеуметтік-құқықтық және консультациялық көмек көрсетуге бағытталған.
РКС: Акцияға прокуратура, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдары, әділет департаментінің мамандары, нотариус, жеке сот орындаушы, полиция, денсаулық сақтау және білім беру салаларының өкілдері, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қатысты.
СНХ: БАУЫРЖАН ӘЛМАҒАМБЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ ҮКІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сотталғандарды бейәлеуметтендіру үдерісі, яғни олардың қоғамға бейімделуі, қоғам мен мемлекеттік органдардың қатысуынсыз мүмкін емес. «Оңалту және әлеуметтік бейімделу» акциясы түзелу жолына түскісі келетін әрбір сотталғанға өз құқықтық мәселелерін шешудің нақты жолдарын көрсетуге және бостандықтағы толыққанды өмірге дайын болуына бағытталған. Аталған акция облыс аумағында үш ай сайын өткізіледі.
РКС: Акцияның негізгі мақсаты – сотталғандарды бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімдеуге дайындау, заңнама нормалары мен әлеуметтік қорғау тетіктерін түсіндіру, сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу.
СНХ: ТӨЛЕГЕН БИКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ №7 МЕКЕМЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Қазір Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №7 мекемеде 800-ден астам сотталған жазасын өтеуде. Бүгін құзырлы органдар тарапынан 100-ден астам жазасын өтеушіге құқықтық көмек көрсетілді. Бұл көмек олардың бостандыққа шыққаннан кейін табысты бейәлеуметтенуіне оң септігін тигізеді.
СНХ: ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ: Акция өте мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Осы іс-шараны ұйымдастырған барлық ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Қойылған сұрақтарға берілген жауаптар біз үшін жазаны өтеу кезеңінде де, бостандыққа шыққаннан кейін де аса пайдалы болады. Осындай іс-шаралардың алдағы уақытта мүмкіндігінше жиі өткізілуін сұраймыз. Бұл еліміздегі әрбір сотталғанға біз сияқты өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
РКС: Акция аясында 100-ден астам жазасын қабылданды. Барлық өтініш бойынша түсініктемелер беріліп, қажетті құқықтық көмек көрсетілді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ