ДИКТОР: Нәпақасын адал еңбекпен тауып, отбасын асырап жүрген Олжабай Сыздықов Көкшетау қаласында тұрады. Көптің алғысына бөленіп, үлкендердің батасын алып жүрген еңбек адамы әріптестерінің арасында өте сыйлы. Қарапайым жүк тасушы қолы бос болса бірден көмек керек адамдарға барып, ауыр сөмкелерін көлікке дейін жеткізіп береді.
Интершум:
РКС: Олжабай Сыздықов 2 топтағы мүгедек. Бала кезінде жол апатына түсіп, денсаулығынан айырылған. Еш кедергіге қарамастан ауыр жұмыстан ешқашан қашқан емес. Сауда орнында жүк тасушы болып еңбек етеді. Күн сайын таңғы сағат 5-тен жұмысқа келеді, оны тыңғылықты атқарады. Әріптестері арасында сыйлы, барлығы құрметтейді.
СНХ: НӘЗИПА ҚАБЫКЕНОВА, САТУШЫ: Менің базарға келгеніме 12жылдай болды, ол баланы танимын, сондай елгезек. Келген сатып алушыларға да көмектескісі келіп тұрады, жәй ғана. СКЛ Халықтың батасымен жүрген бала. Кейде ауырып та қалады. Ондай жақсы адамдар бізде көп емес қой. Мына балаға айтатын батамыз да көп. Жақсылығын көріп отырғандықтан көмектескіміз келеді. Біздің холодильниктен етімізді алып шығуға көмектеседі. Соны тачкамызға салып береді. Өте ауыр жұмыс.
СНХ: ҚАРЛЫҒАШ НҰРМҰХАНОВА, САТУШЫ: Күнде сағ 5-те осында отырады. Каждый адамға жұмыс жасап жүгіріп жүреді. Кейде үлкен кісілерге көмектесіп жібер десең жүгіріп кетеді. Ақша да алмайды. Жақсы бала аңқылдақ. Ойында не бар айтып алып жүре береді. қанша адам жүреді ғой ақша сұрап, сонда всегда Олжабайды пример қоямыз. Неге ол сияқты жұмыс істемейсің деп.
ИНТЕРШУМ: Осылай жүрем, қыздар шақырады. Көмектесем. Өздері айтады, қайда апару керек деп көмектесемін.
РКС: Олжабай 3 баланың әкесі. Бірнеше жыл пәтер кезегінде тұрып, жақында баспанаға да қол жеткізді. Еңбекқор, ісіне адал, қамқоршы әкемен балалары да мақтанады.
СНХ: МӘДИНА СЫЗДЫҚОВА, ҚЫЗЫ: Менің әкем күн сайын өте ерте тұрып, жұмысқа кетеді. Жұмысы оңай емес, ауыр. Әкем барлық адамға көмектескісі келіп тұрады. Мен оны қатты жақсы көремін, сыйлаймын, құрметтеймін.
РКС: Олжабайдың соңғы кезде денсаулығы сыр беріп жүр. Ауруханадан шыққан, енді шипажайға бару үшін жолдама рәсімдегісі келеді. Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жетекшісінің орынбасары Берік Әшірбековтың айтуынша мүмкіндігі шектеулі жандарға шипажайға жолдама медициналық көрсетілімдер ескеріле отырып тағайындалмақ.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ