ДИКТОР: «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде ақ өңірде 215 адам жол қозғалысы ережелерін бұзған. Ең өрескелі көлікті мас күйінде тізгіндеу. Бұл дерек бойынша 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
РКС: Анықталған деректерге сәйкес, қозғалыс кезінде 31 жүргізуші ұялы телефон қолданған, 68 адам қауіпсіздік белдігін тақпаған, сондай-ақ 7 автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде азаматтарға жол бермеген.
СНХ: БЕЙБІТ САДЫҚОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтауын жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тарапынан күшейтілген түрде бақылауда ұстайды.
РКС: Тәртіп сақшылары қарапайым көрінетін жол ережесін бұзу әрекеттері де жол-көлік оқиғаларының көбеюіне ықпал етіп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік әр жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жауапкершілігінде. «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасы алдағы уақытта да жалғасады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ