ДИКТОР: Қоғамдағы қордаланған мәселелерге бей-жай қарамайтын белсенді Үкіметтік емес ұйымдардың саны еліміз бойынша 20 мыңнан асады. Ақмола облысындағы мұндай ұйымдардың мемлекеттік органдармен және облыстық басқармалармен біте қайнаса бірігіп жұмыс істеу мақсатында өңірде бірқатар мәселе оң шешімін тапты. Үкіметтік емес ұйымдар елдегі маңызды шараның бірі Ұлттық Құрылтайда көтерілген мәселелерді ортаға салып талқылады.
РКС: Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті. Олар Ұлттық құрылтайда ел дамуына үлес қосатын мәселелерді әр тараптан қарастырып ұжымдаса іске асыруды қолға алды. Мәселен, елдегі жұмыссыздықты ретке келтіру мақсатында мемлекеттің бастауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
СНХ: ЖАЗИРА СЕЙІТМАҒАНБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Олардың ішінде «Президенттік жастар кадр резерві», «Өңірлік кадр резерві», «Жас мемлекет қызметкерлер мектебі» сияқты тұжырымдамалар бар. Мысалы, «Жас мемлекет қызметкерлер мектебі» аясында жоғары курс студенттерін мемлекеттік қызметке түсуге дайындаймыз. Осы мектептің шеңберінде біз, мемлекеттік қызметке түсу тәртібін түсіндіреміз, қолданыстағы заңнамаларды түсіндіреміз. Мысалы, «Әдеп кодексі», «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама», «Сыбайлыстыққа қарсы іс-қимыл» сияқты заңнамаларға талдау жасаймыз, түсіндіреміз. Қазір жергілікті атқарушы органдарда шамамен 300-ден астам бос лауазым бар.
РКС: Қазір мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әскери-патриоттық, азаматтық-әлеуметтік үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде. Олардың арасында республикадағы алғашқы «Жас ұрпақ» бағдарламасының жүзеге асырыла бастағанына көп болмаса да, үздіктер қатарында.
СНХ: АЙЫМ АЛТАЙ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Президенттің «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының орындалуы аясында біз көптеген шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Осы іс-шараның бірі үкімет емес ұйымдармен кездесу болып табылады. Көп мәселелер көтерілді, көптеген келісімдерге келдік. Сонымен қатар атап өтетін 1 бағдарламаларымыз. «Жас ұрпақ» бағдарламасы 2025 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Балалардың проблемасы Ұлттық құрылтайда көтерілген болатын. Сол себепті бұл бағдарламаны әрі қарай іске асырудамыз. Бүгінде 1500 бала «Жас ұрпақ» бағдарламасына кірген. Қазір барлық жұмыстар жүріп жатыр.
РКС: Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер, жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту, жастар мен жергілікті басқару органдарында біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстарды ұжымдаса атқару үшін ортақ істі қолға алуды ұйғарып отыр.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ