ДИКТОР: Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың V-ші отырысында жастардың ел дамуының басты күші екенін атап өтті. Қазақстан жастар арасында өрлеу кезеңіне қадам басты. Өйткені, еліміздің болашағы жас ұрпаққа тікелей байланысты.
РКС: Қазіргі жастар сандық платформаларға, жасанды интеллектке және жаһандық ақпаратқа қол жеткізіп, стартаптар құруға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік алады. Алайда тек технология жеткіліксіз. Сыни ойлау, кәсіпкерлік дағдылар мен әлеуметтік жауапкершілік — жастардың толық әлеуетін ашудың негізі. Мемлекет ғылыми жобаларды, IT, білім беру салаларындағы бағдарламаларды және халықаралық тәжірибе алмасуды қолдауды жалғастырады.
ИНФОГРАФИКА:
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш. Жастардың күш-қуаты, ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез келген салаға зор серпін береді. Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз.
РКС: Жастардың патриоттық тәрбиесі де маңызды. Өңірде жастармен тұрақты түрде ішкі істер органдарының, білім және мәдениет салаларының, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері жұмыс жүргізуде. Патриоттық шараларға, тарихи-мәдени экскурсияларға, майдангерлер мен ауған соғысы ардагерлерімен кездесулерге, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған жобаларға көңіл бөлінеді.
СНХ: ЫБЫРАЙ ДУАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕР ОДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жастардың патриотизмін көтеруіміз керек. Ауған соғысының ардагерлері жастармен жұмыс істеп жатсақ, мектептің оқушыларымен, әскерге баратын жастармен жұмыс істеп жатырмыз. Балаларға, жастарға айтатынымыз да бар, көрсететініміз де бар. Бірақ соның бәрін айту, көрсету үшін біздің Президентіміздің тапсырмасы аясында жастардың тілінде сөйлеуіміз керек. Жастармен бірге жұмыс істеуіміз керек. Президенттің қойған тапсырмасын орындауымыз керек.
РКС: Жастарды қоғам өміріне белсене араластыра отырып дөңгелек үстелдер, тренингтер мен волонтерлік акциялар ұйымдастырылады. Осылайша олардың жауапкершілік сезімін дамытады және туған өңіріне мақтанышпен қарауды үйретеді. Мұндай кешенді тәсіл жастардың патриоттық құндылықтарын қалыптастырып, қоғамға белсенді қатысуға және өңірді дамытуға ұмтылысын арттырады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ