ДИКТОР: Әскери ант – жауынгер үшін бұлжытпай орындайтың заң. Өткен демалыс күндері Ұлттық Ұланның 5510 әскери бөлімінде 290 сарбаз әскери ант берді. Олар Отанға, халқына және Қазақстан Республикасының Конституциясына адал қызмет етуге серт беріп, мемлекеттің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жауапкершілігін өз мойындарына алды.

РКС: 2025 жылдың екінші шақырылымның сарбаздары Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шымкент, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан Отан алдындағы борышын өтеуге келді.

СНХ: БЕРІК ҚОЖАХМЕТОВ, №5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ: Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында айтылғандай, Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Ант қабылдағаннан кейін олар бөлімшелерге бөлінеді. Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысты міндеттер атқарады. Жеке құрам бір айлық даярлықтан өтіп, жақсы нәтижелер көрсетті. Олардың Қазақстан Республикасын қорғау жолында әскери борышын абыроймен атқаратынына сенемін.

РКС: Сарбаздардың бірі Әнуар Қалмұқан әскери қызметін өтеуге Петропавл қаласынан келді. Отан алдындағы борышын атқарып, болашақта әскери салада қызмет етуді жоспарлап отыр.

СНХ: ӘНУАР ҚАЛМҰҚАН, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР: Бүгін біз үшін ерекше әрі салтанатты күн — өмірімізде алғаш рет әскери ант бердік. Қатты толқып тұрмыз. Ата-аналарымыз да келді. Бүгін біз Қазақстанға адал қорғаушы болуға, Отанымызды қорғауға ант бердік. Әскери қызмет аяқталғаннан кейін заңгер мамандығы бойынша білім алып, әскери салада қызметімді жалғастыруды жоспарлап отырмын.

РКС: Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдардың жалпы әскери жарғыларына сәйкес, әрбір азамат Қарулы Күштер қатарына қабылданып, әскери ант береді. Бұл олардың Отан алдындағы азаматтық әрі әскери борышын адал атқаруға дайын екенін білдіреді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ