ДИКТОР: Өрт қауіпсіздігі айлығының төртінші кезеңі басталды. Осы ретте тілсіз жаудың алдын алуға бағытталған шаралар күшейтілді. Құтқарушылар өрттің жиілеуіне байланысты жеке тұрғын үй секторында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, тұрғын үйлерге түтін және көміртек тотығы газын анықтайтын датчиктер орнатылуда. Облыс аумағындағы үйлерге осындай 11 мыңнан астам құрылғы қойылған.
РКС: Өрт дерегінің азаюы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бурабай ауданында профилактикалық акция ұйымдастырылды. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен волонтерлер қатысты.
СНХ: РЕНАТ ВАЛИШАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бурабай ауданы гарнизонының жеке құрамы мен облыс бойынша бұл жұмысты күшейте түсу қажет. Өрт қауіпсіздігі бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларды күшейтіп, мүмкіндігінше тұрғындарды көбірек қамту керек. Ұйымдастырылып жатқан акцияның басты мақсаты – тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйрету және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
РКС: Әсіресе жекеменшік секторалрды аралау кезінде тұрғындарға сақтық шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілуде. Мамандар пешпен жылыту құрылғылары мен электр жабдықтарын тексеріп, ықтимал қауіпті аймақтарды анықтайды. Ақпараттық парақшалар таратылып, өрт шыққан жағдайда әрекет ету шаралары түсіндірілуде.
ИНТЕРШУМШУМ:
РКС: Құтқарушылар өңір тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтауға, сондай-ақ жылыту құрылғылары мен электр желілерінің жағдайын үнемі бақылауда ұстауға шақырады. Өрт қауіпсіздігі айлығы ақпанның 20-на дейін жалғасады.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ