ДИКТОР: Елімізде саяси жүйе мен басқару құрылымында ауқымды реформалар басталды. Ел тарихын зерттеуде Қазақ хандығы мен Алтын Орданың сабақтастығы негізге алынады. Барлық салада цифрландыру жалғасады. Еңбек адамдары, ғалымдар, студенттерге қолдау көрсету үшін жасанды интеллекті кеңінен қолдану жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттарды Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында нақтылап өтті.

РКС: Саясат, тарих, экология, экономика - бұл Ұлттық Құрылтайда белгіленген басты бағыттардың тек бір бөлігі ғана. Мемлекет басшысы елдегі саяси және экономикалық реформаларды нақты әрі айқын атап өтті. Отандық бизнес жаңа салық жүйесіне бейімделуде, ал адал кәсіпкерлер - әрдайым мемлекет қолдауында болады,-деді ол.

ГРАФИКА ЦИТАТА+ФОТО: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар фискалдық жүйедегі өзгерістің елді дүрліктірмей, бірқалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге міндетті. Салық кодексін қолдануға қатысты жұртшылықтың ойға қонымды, сындарлы ұсыныстарын мұқият зерделеу керек. Қажет болса, түзетулер енгізген жөн. Түптің түбінде Салық кодексі қасиетті кітап емес. Қоғамда өзгерістер жасаған кезде халықпен тиімді байланыс орнату аса маңызды. Азаматтардың өтініштеріне қатысты жүйелі жұмыс жүргізу халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар болып, олардың талап-тілегіне уақтылы жауап беруге жол ашады.

РКС: Қазақстандағы трансформация тек экономика саласында ғана емес. Құрылтайда елде вице-президенттің жаңа қызметін енгізу, Парламенттің жаңа форматта құрылуы, сондай-ақ бұрынғы кейбір құрылымдардың жойылуы да қарастырылды.

СНХ: ДІНМҰХАМЕД КЕНЖЕБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССЕМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ТОПТЫҢ МҮШЕСІ: Соның ішінде негізгі мәселелер бойынша бірінші саяси тұрғыдан қандай өзгерістер болатындығы туралы. Бірінші ол қазақстандықтардың жалпы бірпалаталы парламентін құптайдығын ескере келе, алдағы уақытта бір палаталы парламенттің құрылатындығын айтты. Және ол бір палаталы парламент немесе басқаша атаумен емес, Құрылтай деп аталатындығын атап өтті. Бұл қазіргі таңда Қазақстандағы негізгі саяси жүйені біркелкілендіру, немесе оның халықпен саңаса отырып атқарылатын алдағы уақыттағы жұмыстарын атап өткенді жөң көрді. Сонымен қатар бұл саяси тұрғыдан жазылған немесе айтылған бір ғана мәселе емес. Сонымен қатар бұл саяси-экономикалық тұрғындан да басқа да өзгешеліктерін болатындығын айтты.

РКС: Саяси реформалармен қатар, тарихқа да айрықша назар аударылды. Мемлекет басшысы елдің бай тарихын ескермей, болашаққа сенімді қадам жасау мүмкін емес екендігін айтты.

СНХ: РОЗА БҰҚТҰҒҰТОВА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Айталық, мені, тарихшы ретінде қуантқаны - мемдлекет басшысы Алтыні Орда тарихына ерекше назар аударуды ұсынды. Дәл сол кезден Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы басталды. Осы ретте ғалымдар көптеген монографиялар жазып, Алтын Орда тарихына қатысты көптеген еңбектер жазады деген ойдамын. Сонымен қатар, бұл жұмыстар Қазақ Хандығы мен Алтын Орда арасындағы сабақтастықты айқын көрсетеді. Мемлекет басшысы біз өзімізді халықаралық аренада ұлы мемлекеттің заңды мұрагері ретінде көрсетуіміз керек,-деді. Бұл оймен толық келісемін. Жақын арада бұл концепция өзекті сипатқа ие болып, еліміздегі оқу орындарында оқытылып, әлемдік қауымдастыққа да ұсынылады.

РКС: Елімізде жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығару қолға алынады. Жыл соңына дейін Қазақстан тарихы бойынша жеті томдық жарыққа шығады. Бұл жобаға 250-дей жетекші ғалым атсалысты. Оны құрастыруға шетеелдік сарапшылар да тартылды. Мемлекет басшысы археологиялық қазбаларға, бабаларымыздан қалған материалдық және рухани құндылықтарды зерделеуге де ерекше мән берілетінін атап өтті. Бұл жұмыстың қорытындысын ашып, оны өскелең ұрпаққа жаңа форматта ұсыну үшін елімізде цифрлық технология мен жасанды интеллект пайдаланылады. Жаңа тәсіл экология саласына да енгізіледі.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Осы жолғы Құрылтайда мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызына ерекше тоқталды. Бұл жалпыхалықтық акция. Бір мезеттік емес. Идеологиялық сипатқа ие шара. Яғни оған еліміздің барлық тұрғыны тартылған. Биыл Ақмола облысында қалдықтарды қайта өңдейтін толық циклды кешенінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Ол Көкшетау қаласын, Бурабай мен Зеренді аудандарының аумағында жүзеге асырылады. Жылына 150 мың тонна қалдық өңдеуге қауқарлы. Бұл қуаттылықпен алдағы 10 жылда халықтың жыл сайын 3 процент өсімін ескере отырып, қалдықты қайта өңдеуге болады деген сөз.

РКС: Ұлттық құрылтайда көтерілген дамудың бағыттары болашақта еліміздің әрі қарай жылжуын айқындап берді. Бұл бастамалар Ақмола облысында қазірдің өзінде жүзеге асырылуда. Бұл жобалар маңызды салалардың бәрінде алдағы іс-қимылдың көшбасшысына айналады,-дейді сарапшылар.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ