ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты жастар ресурстық орталығының делегациясымен кездесті. Шара өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылып, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға», «Серпін – 2050» мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасын тиімді іске асыру мәселелеріне арналды.

РКС: Кездесуде Түркістан облысынан келген студенттерді қолдау, олардың әлеуметтік бейімделуі мен кәсіби дамуына жағдай жасау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жастар саясатын жүзеге асырудағы ынтымақтастықты нығайту және білім алушыларға көрсетілетін қолдау тетіктерін жетілдіру бағытында пікір алмасты. Шара аясында тараптар «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЕРНАР БЕКТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бағдарлама негізінде біз 3 жылдан бері осы бағдарламаның мектеп оқушыларына кеңінен насихаттап, және де сол жастарды осы жоғары оқу орындарына жібереміз. Осы жақта оқып жүрген жастарымызды, яғни студенттерімізді көру және де екінші мақсатта осы университеттің материалдық-техникалық базасын, білім сапасын, оқуын, осы жерде жүрген жастарымызды көріп, осы биылғы оқу жылына жастарға насихаттап, меморандум арқылы көптеген жастарымызды осы жерде оқытып, білім алуға жіберу.

РКС: Сонымен қатар университеттің бизнес-инкубаторы студенттік стартап жобалар көрмесін ұйымдастырып, робототехника, педагогика, агрономия, қолданбалы ғылым, IT және туризм бағыттары бойынша әзірлеген жобалар таныстырылды. Атап айтсақ, туризм саласында туристік орталық пен мобильді қосымша жобалары ұсынылса, физика бағыты бойынша велотренажерге негізделген инновациялық жоба көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Студенттер өз бастамалары арқылы ғылыми идеялардың тәжірибелік маңызын көрсетіп, оларды нақты салада қолдану мүмкіндіктерін ұсынды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: САЛТАНАТ АЙТБЕКОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Біздің жобалық жұмысымыз ол спорт және энергиямен байланысты. Осында тек қана тренировка жасап қана қоймай, телефонды зарядтауға мүмкіндік аламыз. Осы модель бір минутта 1% энергияны өндіреді. Жалпы жұмыс принципі бойынша педальді айналдыру арқылы мотор энергиясы аккумуляторды зарядтайды, ал аккумулятор өз кезегінде телефонды зарядтап отырады. Жалпы осы жоба қоғамдық орындарында, парк, спорт, фитнес ұйымдарында, ауылдық мекемелерінде, сонымен қатар оқу орындарында орналастырылатын проект.

СНХ: АЙДАРЛЫМ ТІЛЕУБЕКОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Біздің стартап-жобамыз – LabKit жобасы. Бұл 3-4 сынып оқушыларына арналған лабораториялық жиынтықтар, олардың ғылымға, химияға және STEM бағыттарына қызығушылығын арттыруға арналған. Сонымен қатар, біздің веб-сайтта оқушылар тәжірибелерді бейнежазба түрде көріп, өздері де тәжірибе жасай алады. Жақын арада біз сайтқа жасанды интеллект енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол балаларға химия туралы қызықты сұрақтар қоюға, жауап алуға және ғылымға деген қызығушылықтарын одан әрі арттыруға көмектеседі. Болашақта біз лабораториялық жиынтықтарды биология және физика бағыттарымен толықтыруды да көздеп отырмыз.

РКС: Кездесуге қатысқан «Серпін-2050» бағдарламасының студенттері мен түлектері өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби және тұлғалық дамуға берілетін мүмкіндіктер, сондай-ақ жастарды мемлекеттік қолдаудың маңызы жөнінде пікірлерін білдірді. Тараптар қол қойылған меморандум ынтымақтастықты нығайтып, «Серпін – 2050» бағдарламасының табысты жүзеге асуына оң ықпал ететініне сенімді.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ