ДИКТОР: Бүгіннен бастап елімізде сергіткіш сусындарға қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Енді 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусынды сатқандарға айыппұл қарастырылған. Енгізілген түзетулер жаза мөлшерін арттырып қана қоймай, аталған өнімді сататын бизнеске де қатаң бақылау орнатуды көздеп отыр. Бұл - соңғы жылдары мемлекет тарапынан жастардың денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадамның бірі. Ал дәмі тіл үйіріп, сергітетін бұл сусынның ағзаға төндіретін қаупі қандай? Мамандар не дейді? Жаңа заңға қоғамның пікірі қандай? Әріптесім Жанар Мұқышева анықтап көрді.

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Ел ішінде «энергетик» деп атап кеткен бұл сусынның негізгі құрамы - газдалған су, кофеин, таурин, қант сияқты түрлі химиялық қоспалардан тұрады. Мәселен, бір ғана құты осындай энергетиктің құрамында шамамен 12 қасық қант бар. Әрине, мұндай мөлшерде қант қабылдаған адамның қан қысымы көтеріліп, жүрек қағысы жиілейді. Ал тұрақты тұтыну қан тамырларын тарылтып, ми қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Ал сергіткіш әсері небәрі 30 минутқа дейін ғана созылатын сусынның салдары бара-бара тұтас ағзаның әлісреуіне әкеп соқтырады,-дейді мамандар.

СНХ: ЖАХОНГИР ТУРСИМЕТОВ, КАРДИОЛОГ: Энергетикалық сусындардың негізгі қаупі оның құрамына байланысты. Ол таурин, кофеин, және сахар. Тәуелділік пайда болады. Соның ішінде ең маңызды жүрек қан тамыр жүйесіне үлкен әсер етеді. Энергетиктің әсері адамда бір ауру болса, күшейеді, оны асқындыруға себеп болады.

РКС: Дегенмен, күш-қуат беретін тәтті сусынға құмартқандардың саны азаяр емес. Ең өкініштісі, энергетикалық сусынды ішетіндердің басым бөлігі - жасөспірімдер. Тәтті сусынға жоғары сұраныс бар екенін кәсіпкерлердің өзі де растап отыр. Саудагерлер құжат талап етеміз дегенімен, басқа біреуді жіберіп, сатып алудың түрлі амалын тауып жүргендер де баршылық,-дейді.

СНХ: РАХИМА ӘБІЛОВА, САТУШЫ: Әрине, барлық талаптарды ұстанамыз. Сергіткіш сусынды сатар алдында жеке куәлігін көрсетуін талап етеміз. Құжаты не жасына сай болмаса, сатпаймыз. Түрлі жағдай болады, кейде кетпей тұрып алатындар да кездеседі. Жалпы сұраныс жоғары. Ересек адамдар да алып жатады. Бірақ негізінен жасөспірімдер мен жастар.

 РКС: Елімізде сергіткіш сусындарды 21 жасқа дейінгі жастарға сатуға тыйым салатын заң былтыр қабылданған. Бұған дейін кәсіпкерлер тек ескертумен шектелсе, енді жаңа талапқа сәйкес, әкімшілік жауапкершіліктен ешкім де қашып құтыла алмайды. Заң талаптары жеке тұлғаларға да кәсіпкерлерге де бірдей қолданылады. Айыппұл мөлшері де қомақты. 65 мыңнан 1 миллион 700 мың теңгеге дейін.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Заң талаптарын алғаш бұзғандарға 15-тен 70 айлық есептік көрсеткіш қарастырылған. Қайталанған жағдайда 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады. Ал 21 жасқа толмаған азаматтарға сергітетін сусынды сатқан үшін жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткіш, ал кәсіпкерлер 200 айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды. Қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 60-тан 400 айлық есептік көрсеткішке дейін жетеді. Айта кетейік, биылғы бір айлық есептік көрсеткіш - 4325 теңгеге тең.

ГРАФИКА:

Энергетикалық сусындарды сату талаптарын бұзған үшін салынатын айыппұлдар:

Бастапқы құқықбұзушылық үшін:

жеке тұлғаларға - 15 АЕК (64 875 теңге)

шағын бизнес өкілдеріне - 30 АЕК (129 750 теңге)

орта бизнес өкілдеріне - 50 АЕК (216 250 теңге)

ірі бизнес өкілдеріне - 70 АЕК (302 750 теңге)

Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда:

жеке тұлғаларға - 20 АЕК (86 500 теңге)

шағын бизнес өкілдеріне - 50 АЕК (216 250 теңге)

орта бизнес өкілдеріне - 100 АЕК (432 500 теңге)

ірі бизнес өкілдеріне - 120 АЕК ( 519 000 теңге)

Энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған азаматтарға сатқаны үшін:

жеке тұлғаларға - 30 АЕК (129 750 теңге)

шағын бизнес өкілдеріне - 50 АЕК (216 250 теңге)

орта бизнес өкілдеріне - 80 АЕК (346 000 теңге)

ірі бизнес өкілдеріне - 200 АЕК (865 000 теңге)

Қайталанған жағдайда:

жеке тұлғаларға - 60 АЕК (259 500 теңге)

шағын бизнес өкілдеріне - 100 АЕК ( 432 500 теңге)

орта бизнес өкілдеріне - 160 АЕК (692 000 теңге)

ірі бизнес өкілдеріне - 400 АЕК ( 1 730 000 теңге)

РКС: Жаңа талаптар мен энергетикалық сусындарға қатысты қоғам пікірін де білдік.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Жоқ ондай ішпеймін, білмеймін ондайларды. Жоқ, жоқ ондай ішпейді.

- Ну наверное это правильно, я думаю, что это правильно сделали. Если за этим будут следить, то повлияет.

- Иә, әрине энергетиктің өте зиян екенін білемін. Сонда да энергеия, бір күш-қуат береді. Мен мысалы түні бойы жұмыс істедім. Жұмасына 1 құты ішемін.

- Не употребляю, вообще не употребляю, потому что они здоровью вредят. Сердце, давление, особенно молодежь. Очень вредно.

- Отрицательно, употреблял раньше почему нет. Но осознание. Сердце садит, печень, почки. От самосознания зависит мне кажется. Че говорят об энергетиках, если люди даже на наркотиках сидят.

РКС: Әрине, жаңа талап салауатты ұлт қалыптастыру жолындағы қадамның бірі ғана. Ал оның нақты тиімділігін уақыт көрсетеді. Ал «шаршасаң күш беретін» ұстаныммен жер жаратын жарнамаға қатысты сұрақ - әзірге күн тәртібінде тұрған мәселе. Бүгінде елімізде сергіткіш сусынды жарнамалауға тыйым салатын нақты норма жоқ. Дегенмен, алдағы уақытта бұл бағытта да заңнамалық өзгерістер енгізілуі мүмкін.

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Көпшілік бұл сусынды «энергия береді» деген түсінікпен тұтынады, бірақ шындығында энергия адам бойында жеткілікті,-дейді мамандар. Оны тек өндіру қажет. Ал ол үшін салауатты өмір салтын ұстанған жөн.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ