ДИКТОР: Қызылордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысы өтті. Жиын барысында құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Жалпы, соңғы жылдары құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданған. Биыл қандай мәселелер көтерілді? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.
РКС: Қазақстанда вице-президент болады. Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс айтты. Вице-президентті Мемлекет басшысының өзі тағайындайды.
ИНФОГРАФИКА:
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Жоспар бойынша, вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық форумдарда, тиісті мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде ұсынады, президенттің атынан парламентпен әрекеттеседі, сондай-ақ отандық және шетелдік қоғамдық, саяси, ғылыми, мәдени және ағартушылық ұйымдармен байланыс жасайды, және басқа да президент тапсырмаларын орындайды. Осы негізгі ережелер, яғни вице-президенттің қызметтік функционалы, Конституция мәтінінде де көрініс табуы тиіс.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Сонау 1990 жылдардың басында біздің Қазақстан Республикасында президенттің жанында вице-президент деген лауазым болған. Шетелдерге кеткенде мемлекет басшысы сондай елдік мәселелерді, шетелдік қонақтарды қабылдау, дипломаттарды қабылдау, әртүрлі қауырт шаруаларды сол президент жоқ та вице-президент атқаратын. Барлық елде солай. Сол вице-президенттің болғаны керек. Сондықтан бұл да үлкен өзгерістер. Сонымен бірге, еліміздегі су мәселесіне байланыста да айтты. Су ресурстардың аздығы, тапшылығы, экологиялық тұрғыдан өте зарарлы күйге түсіп отырғандығы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
РКС: Егер президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттілігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі,-деді мемлекет басшысы. Сонымен қатар, V-ші Құрылтайда президент мәдениет саласын дамыту, театр өнерін қолдау және насихаттау мәселесіне де тоқталды.
ИНФОГРАФИКА:
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарының бірі - мәдениет пен өнер. Себебі, қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл - ақиқат. Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрың-соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынады.
РКС: Осы ретте, биыл Көкшетауда жаңа театрдың құрылысы басталады. Сондай-ақ, актер және режиссер сынды мамандықтарға әкім гранты бөлінбек.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Президентіміз өнер саласына, білім саласына, ғылым саласына көп мән беріп отыр. Өткен құрылтайда мұғалім мәртебесі, ұстаз мәртебесі өсіп, жалақы өскен болатын. Қазір Көкшетау қаласында жаңадан қазақ - музыкалық драма театрының іргетасы қаланайын деп жатыр. Ол өте қуанарлық жайт. Өйткені, сонау 1996 жылы белгелі режиссер Жақып Омаров бастаған үлкен өнерпаздар, өнер иелері келіп алғашқы қазақ театырын ашқан болатын. Ақан сері - Ақтоқты спектакілімен. Енді қазақ театрының жаңа ғимаратқа көшуі Көкшетау өңіріндегі өнер, білім, руханият саласындағы жақсы бір серпін болады ғой деп.
РКС: Су ресурстары мәселесі құрылтайда көтерілген тағы бір маңызды тақырып. Әсіресе, Арал теңізінің проблемасы мен су ресурстарын тиімді басқару және суармалы жерлерді дамыту, ирригация жүйесін жаңғырту бағытында бірқатар мәселе көтерілді. Осы орайда, сәуір айында Астанада халықаралық экология саммиті өтеді деп жоспарланып отыр.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ