ДИКТОР: Былтыр өңірде 900 шақырым автожол жөнделіп, жаңартылды. Бұл мақсатқа 121 миллиард теңгеге жуық қаржы бағытталды. Оның 48 миллиарды республикалық маңызы бар жолдарға, ал 73 миллиарды жергілікті жолдардың жөндеуіне жұмсалды. Әсіресе, ширек ғасырға жуық жөндеу көрмеген аймақтарға басымдық берілді.

РКС: Бүгінде аймақта республикалық маңызы бар 374 шақырым жол жөнделді. Атап айтқанда, Астана-Қорғалжын, Көкшетау-Рузаевка, Макинск –Ақсу-Торғай, Жезқазған-Петропавл, Көкшетау- Зеренді, сондай-ақ Көкшетау-Омск бағытындағы жолдардың проблемалық учаскелеріне назар аударылды. Сондай-ақ қозғалыс қарқыны жоғары жолдардың жабындысы жаңартылды. Оның ішінде Көкшетау-Щучинск, Астана-Жібек Жолы, Астана-Ақкөл, Атбасар-Жақсы, Жақсы-Есіл тасжолдары бар.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Ал жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеуге 74 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Оның асяында 130 жоба жүзеге асырылды. Барлығы 510 шақырым жол салынып, жөнделді. 57 елді мекенде 200 километрден астам көшелер мен жолдар желісі жаңартылды.

ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗЫ БАР АВТОЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ

73,9 МЛРД. ТЕҢГЕ – ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

130 ЖОБА - ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

510 КМ ЖОЛ - ЖӨНДЕЛДІ

57 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ 200 КМ ЖОЛ ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Әсіресе ауылдық аймақтардағы жолдарға баса назар аударылды. Оның ішінде халық саны 1 мыңнан 3 мыңға дейінгі Ерейментау ауданына қарасты Еркіншілік, Майлан, Ақ Мырза сияқты ауылдар бар. Себебі бұл ауылдар республикалық және облыстық маңызы бар жолға жақын орналасқан. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. 2–3 жыл бұрын басталған жобаларды аяқтауға басымдық беріледі. Бұған қоса, теміржол вокзалдарын жаңарту бойынша да ауқымды жобалар қолға алынған. Елімізде 120-дан астам вокзал болса, оның 16-сы Акмола облысына тиесілі. Екі мердігер анықталып, жөндеу жұмыстары былтыр басталды. Ауданы 9 мың шаршы метрден асатын ірі жобаларға Көкшетау,Щучинск, Макинск қалаларының вокзалы жатады. Олар 90 процентке дайын. Шағын вокзалдарда да жөндеу жұмыстары қатар жүргізілуде. Барлық жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

 РКС: Бұған қоса, Щучинск, Қоянды, Ақмол, Қараөткел, Жібек Жолы, Талапкер және Айдарлы елді мекендерінің бойындағы 15 шақырымнан астам жол учаскелері жарықпен қамтылды. Талапкер және Қараөткел ауылдарында жаңа бағдаршамдар орнатылды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АКПАРАТ