ДИКТОР: Бүгіннен бастап қаңтардың 23-не дейін «Көліктегі қауіпсіздік» атты жедел алдын алу шаралары өтеді. Осыған орай Көкшетау станциясындағы көліктегі желілік полиция қызметкерлері теміржол арқылы қатынайтын жолаушылар арасында түрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

РКС: Көкшетау темір жолы арқылы тәулігіне 12 жолаушы тасымалдаушы пойызы мен 2 электр пойызы өтеді. Олар 15-ке жуық бағыт бойынша жүреді. Тәулігіне темір жол пойызын шамамен мың жарымнан астам адам пайдаланады. Тәртіп сақшылары қоғамдық көлік қолданушыларын өздерінің жеке заттары мен мүлкіне сақ болуға шақырады.

СНХ:БАҚЫТЖАН БАЙТЫҚОВ, КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Азаматтармен профилактикалық әңгімелесулер өткізілуде. Көлікте қауіпсіздік мінез-құлық ережелерін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Жолаушыларға жеке заттарына мұқият болып және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ескертулер жасалып жатыр. Жедел алдын алу іс-шаралары барысында қоғамдық тәртіп бұзған тұлғалар анықталған жағдайда, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

РКС: Өткен жылы 186 әкімшілік материал тіркелді. Оның ішінде 20-сы қоғамдық орынды ластау, жеке тұлғалардың ар намысына нұқсан келтіру және қоғамдық орындарында мас күйінде жүру сияқты заң бұзушылық. Желілік полиция өкілдері қоғамдық тек көлік ішінде ғана емес, сонымен одан тысқары жерлерде де тәртіптің сақталуын қадағалайды. Өйткені, темір жол аса қауіпті аймақтың бірі.

СНХ: ЕРІК МӘЛҒАЖДАРОВ, КӨКШЕТАУ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Азаматтар негізінен 559-баптың 5-ші бөлігі бойынша теміржол жолдарын белгіленбеген жерлерден кесіп өту бойынша құқық бұзады. Мұндай құқық бұзушылықтардың негізгі себептері асығыстық, пойызға кешігу, сондай-ақ құлаққап тағып, жан-жағына қарамай, хабарламаларды елемеудің себебі. Теміржол аса қауіпті аймақ. Жолаушылар пойызының тежелу жолы кемінде 800 метр, ал пойыз оңға немесе солға бұрыла алмайды, себебі ол тек тік қана қозғалады. Салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы әбден мүмкін.

РКС: Былтыр мектептерде оқушыларға лекция сабақтары, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарда қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатысты бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Суық қаруды сақтау және заңсыз тасымалдау бойынша да жұмыстар басты назарда.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ